Құқықтық менталитет, құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбиелеудің өзара әсерлесуі
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2024-1-2-7-13
Аннотация
Құқықтық жүйенің тиімділігі мен тұрақтылығы оның барлық элементтерінің үйлесімді қызмет етуімен тығыз байланысты. Мақала қазақстандық қоғамдағы құқықтық менталитет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық тәрбиелеудің маңыздылығы мәселелерін зерттеуге арналған. Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық санасының төмендігі тұтастай қоғамның құқықтық мәдениетінің әлсіреуі мен құқықтық жүйенің тұрақсыздығына әкеп соғады. Мақалада құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық менталитет, құқықтық тәрбиелеу ұғымдары, өзара әсері, маңызды элементтері, өзара әсері зерттелді. Осы құқықтық құбылыстардың өзара әсерін зерттеудің қажеттілігі қазақстандық қоғамда құқықтық сана және құқықтық мәдениет деңгейін жаңа деңгейге көтеруге өз септігін тигізеді. Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық менталитет мәселелері қоғамдағы азаматтардың менталдық ерекшеліктерін, олардың ортақ қалыптасқан құндылықтар жүйесін ескере отырып, кешенді түрде қарастырылуы қажет. Бұл ұлттық құқықтық ғылымның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеу нәтижесі ұлттық құқықтық жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық менталитеттің бүгінгі тұрғыдан дамыту, терең түсіну бағыттары мен шараларын әзірлеу болып табылады.
Авторлар туралы
Д. БакировҚазақстан
Бакиров Д., докторант,
Алматы қ.
Н. Мырзатаев
Қазақстан
Мырзатаев Н., PhD, қауымдастырылған профессор,
Алматы қ.
А. И. Горылев
Ресей
Горылев А.И., з.ғ.к., доцент,
Нижний Новгород қ.
Әдебиет тізімі
1. Dzhanibekova N.A., Zaripov Sh.A. Place of the right attitude to the formation of the right of young people // Youth school. 2013. No. 7(54). P. 272–274.
2. Aleksandrov V.B. Public Relations: Dialogue Culture // Culture And Relations: Scientific Laborists. Tver: TGU, 1992, pp. 17–26.
3. Concept of Legal Policy of the Republic of Kazakhstan for the Period up to 2030. URL: http://adilet.zan.kz.
4. Mukasheva G.K. Legal Education – the Basis of the Rule of Law. In the Constitution of the Country – the Republic of Kazakhstan // (articlekz.com).
5. Golovchenko V.V. Effectiveness of the Right Attitude. Kiev, 1985. P. 26.
6. Stakanov A.S. Aspects of the Right Education Among Young People of the Republic of Kazakhstan. URL: https://infourok.ru
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бакиров Д., Мырзатаев Н., Горылев А.И. Құқықтық менталитет, құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбиелеудің өзара әсерлесуі. Eurasian Scientific Journal of Law. 2024;(2 (7)):7-13. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2024-1-2-7-13
For citation:
Bakirov D., Myrzataev N., Gorylev A.I. Interaction of legal mentality, legal consciousness, legal culture and legal education. Eurasian Scientific Journal of Law. 2024;(2 (7)):7-13. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2024-1-2-7-13