Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғары латенттілігінің себептері туралы
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-2-45-52
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың теориялық және практикалық аспектілері қаралды. Авторлардың пікірінше, ұйымдасқан қылмыспен тиімді күресу үшін оны дер кезінде танып-біліп, бар екендігін анықтау қажет, себебі мұндай қылмыс жоғары латенттілікке ие және азаматтық қоғам мен мемлекетке дерлік көрінбейді. Ұйымдасқан қылмыстың осындай маңызды қыры – оның латенттілігі – терең ғылыми тұрғыда зерттелуі бұл құбылысқа жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыстың мәнін оның жасырын сипаты тұрғысынан қайта бағалауға жол ашады, сондай-ақ оны әдеттегі қылмыстан ажырата отырып, тану мен қарсы әрекет етудің жаңа әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысты латенттілік тұрғысынан қарастыру ғылыми ізденістер мен олардың апробациясына негізделген ұйымдасқан қылмыспен күрес процесінің құқықтық реттеу мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Ұйымдасқан қылмысты дер кезінде анықтау онымен тиімді күресті ерте кезеңде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде құқық қорғау органдары үшін түрлі тәуекелдерді және қылмыстық топтардың әрекетінен келетін ықтимал залалды азайтады. Мақалада қарастырылып отырған мәселе бойынша негізгі ғылыми гипотезалар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күресті оның жоғары латенттілігін ескере отырып жетілдіруге бағытталған нақты теориялық тұжырымдар мен ұсынымдар тұжырымдалған. Авторлар ұсынған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүйесіндегі жаңашыл тәсілдер Қазақстанда бұл бағыттағы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы қазіргі заманғы ұйымдасқан қылмыстың жоғары латенттілік деңгейіне ықпал ететін негізгі себептерді анықтау, оларды жүйелеу және бұл латенттілікті төмендетуге бағытталған құқықтық және институционалдық тетіктерді ұсыну.
Авторлар туралы
Т. К. АкимжановҚазақстан
з.ғ.д., профессор
Алматы
А. С. Кошкинбаева
Қазақстан
PhD, қауымдастырылған профессор
Алматы
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000527 (өтініш берілген күн: 25.02.2025)
2. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2100000674 (өтініш берілген күн: 20.02.2025)
3. Криминология: учебник / Под ред. Н.Ф. Кузнецовой, М. Миньковского. – М., 1998. – С. 341.
4. Воронин Ю.А. Введение в криминологию: курс лекций. – М.: Флинта: МПСИ, 2008. – С. 171.
5. Боков А.В., Солодовников С.А., Антонян Е.А. Криминология: учебное пособие для студентов вузов. – М., 2005. – С. 151.
6. Криминология / Под ред. Дж.Ф.Шелли / Пер. с англ. – СПб.: Питер, 2003. – С. 320.
7. Годунов И.В. Организованная преступность от рассвета до заката: учебное пособие для вузов. – М.: Академический проект, 2008. – 344 с.
8. Долгова А.И. Криминология / 3-изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2009. – 384 с.
9. Алауханов Е.О. Организованная преступность в Республике Казахстан: социальные и процессуально-правовые аспекты. Учебное пособие. – Алматы: Издательство «NURPRESS», 2012. – 152 с.
10. Акимжанов Т.К. Основы противодействия организованной преступности на современном этапе (криминологические и уголовно-правовые аспекты). Монография. – Алматы: Университет «Туран», 2018. – 304 с.
11. Бавсун М.В. Специальные вопросы соучастия в следственно-судебной практике Российской Федерации и Республики Казахстан: учебное пособие. – Омск: Омская академия МВД Росии, 2018. – 88 с.
12. Криминология: учебник / под общ. Ред. А.И. Долговой. 4-е изд., перераб и доп. – М.: Норма: Инфра – М., 2010. – 1008 с.
13. Эминов В.Е., Максимов С.В. Организованная преступность и коррупция: российские реалии и пути противодействия: монография. – Москва: Проспект, 2023. – 96 с.
14. Уголовный кодекс Республики Казахстан: практическое пособие. – Алматы: «Издательство «Норма-К», 2024. – 280 с.
15. Francesco Calderoni, Tommaso Comunale, Gian Maria Campedelli, Martina Marchesi, Deborah Manzi, Niccolò Frualdo. Organized crime groups: A systematic review of individual- level risk factors related to recruitment. URL: https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC8833286/
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Акимжанов Т.К., Кошкинбаева А.С. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғары латенттілігінің себептері туралы. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(2(11)):45-52. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-2-45-52
For citation:
Akimzhanov T.K., Koshkinbaуeva A.S. On the reasons for the high latency of modern organized crime in the Republic of Kazakhstan. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(2(11)):45-52. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-2-45-52