Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери биліктің құқықтық қайнар көздері

https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-4-53-63

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл зерттеу дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери биліктің құқықтық бастауларын тарихи-құқықтық тұрғыдан талдауға арналған. Автор ежелгі ғұн, үйсін, түрік дәуірлерінен бастау алатын әскери нормалардың қалыптасуын, сондай-ақ Шыңғыс ханның «Ұлы Жаса» заңдарында жүйеленіп, Қазақ хандығы тұсында Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан заңдарымен дамығанын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – әскери билікті реттеген құқықтық нормалардың бағыттарын, мазмұнын және даму логикасын ашу. Негізгі идея – көшпелі қоғамдағы әскери тәртіп нормалары тек әскери стратегия ғана емес, мемлекеттік тұрақтылықтың да тірегі болғанын көрсету. Ғылыми және практикалық маңызы – қазақ даласындағы мемлекеттік институттардың қалыптасуын әскери нормалар арқылы түсіндіру, әскери басқарудың құқықтық моделі мен әлеуметтік рөлін анықтау. Зерттеу әдістемесі тарихи-салыстырмалы талдау, дереккөздерге шолу, құқықтық жүйелерді салыстыру қағидаларына негізделген. Негізгі нәтижелер: әскери нормалар мемлекеттілікті нығайтуда шешуші рөл атқарған; әскери тәртіптің бұзылуы ауыр жазаларға әкелген; Қасым хан, Есім хан заңдары әскери міндеттілік пен жазалау жүйесін күшейтсе, Тәуке хан тұсында олардың жұмсаруы байқалады. Зерттеудің құндылығы – әскери құқық нормаларының эволюциясын, оның әскери тәртіп пен мемлекеттік бірегейлікті сақтаудағы орны мен ықпалын айқындауында. Практикалық мәні – дәстүрлі әскери басқару жүйесін қазіргі құқықтық және әскери саясат қалыптастыруда пайдалануға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

Б. Б. Байсейтов
«Тұран» университеті
Қазақстан

докторант

Алматы қ.

 



Н. А. Алдабергенова
«Тұран» университеті
Қазақстан

з.ғ.к., профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Martin V. Alternative Dispute Resolution Institutions in Contemporary Kazakhstan: Recontextualizing Cultural Heritage of the Bi Institution. URL: https://iopn.library.illinois.edu (accessed: 20.11.2025)

2. Mazhitova Z. Judicial and Legal Institutions in Traditional Kazakh Society // Gei – Journal of Social Science, 2020. URL: https://mail.periodicojs.com.br (accessed: 20.11.2025)

3. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 192 б.

4. Barfield Thomas J. The Perilous Frontier: Nomadic Empires and China, 221 BC to AD 1757. Cambridge, Mass.: B. Blackwell, 1989. 325 p.

5. Sultangalieva G., Tuleshova U., Werth P. Nomadic Nobles: Pastoralism and Privilege in the Russian Empire // Slavic Review. Cambridge University Press, 2022. URL: https://www.cambridge.org/core/journals/slavic-review (accessed: 20.11.2025)

6. Иванин М. О военном искусстве при Чингисхане и Тамерлане. – 2-е изд. – Алматы: Санат, 1998. – 240 с.

7. Хара-Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. Культурно-исторический очерк Монгольской империи ХІІ-ХІY веков. – Алма-Ата: Крамдс-Ахмед Яссауи, 1992. – 272 с.

8. Әмір Темір Аманаты / Өзбекшеден қазақшалаған И. Сапарбай. – Шымкент: Жібек жолы, 2000. – 112 б.

9. Кабуснама / Өзбек тілінен ауд. Т. Айнабеков. – Алматы: Жазушы, 2005. – 160 б.

10. Abdinassir N. et al. Global Research Discourse and Local Narratives // Turkic Studies Journal. 2025. URL: https://tsj.enu.kz (accessed: 20.11.2025)

11. Тарих өткеліндегі Төле би // Құраст. Ә.А. Кембаев. – Алматы: Өнер, 2010. – 272 б.

12. Зиманов С.З., Өсеров Н.Ө. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы заңдары // Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – Т. 4. – 152– 170 бб.

13. Байболұлы Қ. Еңсегей бойлы ер Есім. Дастандар. – Алматы: 2005. – 320 б.

14. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Монография. – Алматы: Мектеп, 2002. – 224 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Байсейтов Б.Б., Алдабергенова Н.А. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери биліктің құқықтық қайнар көздері. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(4(13)):53-63. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-4-53-63

For citation:


Bayseytov B.B., Aldabergenova N.A. Legal sources of military authority in traditional kazakh society. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(4(13)):53-63. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-4-53-63

Қараулар: 75

JATS XML


ISSN 2959-4197 (Print)
ISSN 2959-4200 (Online)