Әскери қызметшілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету: құқықтық зерттеу
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-50-60
Аңдатпа
Мемлекеттердің қалыптасуы жағдайында әскери қызмет саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселесі әрқашанда өзекті болып келеді. Елді қорғауда конституцияда бекітілген міндеттерін атқарып отырған әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы Конституциясында және халықаралық құқық нормаларында бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды иемденеді. Осы ретте олардың құқықтар ын қорғаудың тиімді механизмдерін зерделеу ғылыми және тәжірибелік мәнге ие. Зерттеу мақсаты – әскери қыз метшілердің құқықтарының қорғалуының қолданыстағы механизмдеріне талдау жүргізу және оларды жетілдіруге бағытталған ғылыми негізді ұсыныстар әзірлеу. Зерттеудің негізгі бағыты әскери заңнамалар, қорғау құралдары және құқықтардың іске асырылуындағы негізгі бірқатар мәселелерді қамтиды. Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесінің кешенді зерттелуі жұмыстың ғылыми маңыздылығын айқындаса, зерттеу нәтижелерінің заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруде пайдалану мүмкіндігі тәжірибелік маңызын білдіреді. Зерттеу әдіснамасы жалпы формальды-құқықтық, салыстырмалы құқықтық, жүйелік және талдау әдістеріне негізделеді. Нәтижесінде әскери қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы негізгі мәселелер анықталып, оларды авторлық көзқарастағы шешу жолдары ұсынылады. Зерттеудің құндылығы әскери және конституциялық құқық ғылымының дамуына қосқан үлесімен анықталады, ал тәжірибелік маңызы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау институттарының қызметінде, әскери қызметкерлердің тиісті заңмен бекітілген құқықтарын қолдану мүмкіндігімен көрінеді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Р. Б. БотагаринҚазақстан
Ботагарин Р.Б., PhD, қауымдастырылған профессор, постдокторант,
Қарағанды қ.
К. С. Мусин
Қазақстан
Мусин К.С., PhD, профессор,
Қарағанды қ.
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ (өтініш берілген күн: 10.12.2025)
2. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1700000554 (өтініш берілген күн: 11.12.2025)
3. ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы № 561-IV Заңы, 16.02.2012 ж. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000561 (өтініш берілген күн: 11.12.2025)
4. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000155 (өтініш берілген күн: 15.12.2025)
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000154 (өтініш берілген күн: 15.12.2025)
6. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000029_ (өтініш берілген күн: 15.12.2025)
7. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 (өтініш берілген күн: 16.12.2025)
8. Дубовцев Г.Ф. Военная безопасность Республики Казахстан: опыт, актуальные проблемы, основные направления обеспечения: монография. – Астана: КИСИ при Президенте РК, 2018. – 218 с.
9. Сулейманов А.Ф. Защита прав и свобод человека и гражданина в правоприменительной практике правоохранительных органов Республики Казахстан // Eurasian Scientific Journal of Law. – 2022. – № 1. – С. 37–46. URL: https://esjl.turan-edu.kz/jour/article/view/22/5 (дата обращения: 16.12.2025)
10. Джунусова М.Т. Конституционно-правовые аспекты защиты прав и свобод человека и гражданина в Республике Казахстан // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы. – 2024. – № 2(147). – C. 52–62.
11. Valea D.C. The role of the romanian constitutional court in protecting and promoting human fundamental rights and freedoms // Procedia – Social and Behavioral Sciences. 2012. No. 46. P. 5548–5552. URL: https:// www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042812022094 (аccessed: 12.12.2025)
12. Резер Т.М, Кузнецова Е.В., Лихачев М.А. Механизмы реализации и защиты прав человека и гражданина: учеб.пособие. М-во науки и высш. образования Рос.Федерации, Урал. федер. ун-т. – Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 2019. – 110 с.
13. Қайжақпарова А.Б., Жадауова Ж.Ә., Жақсылықова А.Қ. Әскери қызмет өткеру саласындағы заңнама тиімділігін талдаудың кейбір өзекті мәселелері // Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы. – 2025. – № 2. – Б. 263–270.
14. Алькенов А.М., Курбанова М.Н. Защита государством граждан Республики Казахстан во время вооруженных конфликтов, происходящих на территории другого государства. Актуальные вопросы международного, регионального и национального права: современное состояние, взаимодействие и перспективы развития: Материалы международной научно-практической конференции, юбилею подготовки специалистов посвященной 10-летнему юбилею и 5-летию специализированной кафедры Международного права ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2013. – 327 c.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ботагарин Р.Б., Мусин К.С. Әскери қызметшілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету: құқықтық зерттеу. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):50-60. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-50-60
For citation:
Botagarin R.B., Musin K.S. Ensuring the constitutional rights and freedoms of military personnel: a legal study. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):50-60. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-50-60
JATS XML
