Цифрландыру жағдайында қылмыстық процесте адвокаттық қызметтің кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-341-353
Аңдатпа
Қылмыстық іс жүргізу аясын цифрландыру жағдайында қорғаушы тараптың кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз ету заманауи құқық ғылымының ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Қылмыстық процестің электрондық нысанда жүргізілуі адвокаттық қызметті жеделдеткенімен, қорғаушыларды жаңа сипаттағы кәсіби тәуекелдер мен киберқауіптерге алып келді. Зерттеудің мақсаты – «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін қолдану барысында және қылмыстық қудалау органдарымен электрондық өзара іс-қимыл жасау кезінде адвокаттық қызметтің кәсіби қауіпсіздігін құқықтық әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан қорғау тетіктерін айқындау. Авторлар қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сотта қарау кезеңдерінде адвокаттық құпияны сақтау, айыпталушылардың (күдіктілердің) дербес деректерін қорғау және электрондық дәлелдемелермен жұмыс істеу кезіндегі ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мәселелерін мазмұнды түрде талқылайды. Осы тұста қылмыстық процеске қатысушы құқық қорғау органдары мен адвокатура арасындағы цифрлық коммуникацияның қауіпсіздік стандарттарын қалыптастыру қажеттілігі негізделген. Зерттеу барысында қылмыстық істер бойынша электрондық ордер жүйесін жетілдіру, адвокаттық сауалдарға цифрлық нысанда жауап алу қауіпсіздігін арттыру, сонымен қатар қорғаушылардың киберсауаттылығын және цифрлық дағдыларын дамыту маңыздылығы дәлелденді. Жұмыстың маңыздылығы қылмыстық процесте электрондық құрылғыларды пайдалану кезінде туындайтын құқықтық қайшылықтарды жою және адвокаттың кәсіби қызметіне сырттан қолсұғушылық әрекеттерді болдырмау ұсыныстарымен айқындалады. Зерттеу нәтижесінде авторлар қылмыстық іс жүргізуде адвокаттардың электрондық құралдарды қауіпсіз пайдалануы бойынша бірыңғай нұсқаулық әзірлеуді, адвокат пен қорғауындағы тұлға арасындағы құпиялылықты техникалық қорғау шараларын бекітуді және электрондық ордерлердің пайдаланылуын қатаң бақылауды ұсынады.
Авторлар туралы
Г. Қ. ІзтұрғановаҚазақстан
докторант
Алматы қ.
Н. А. Алдабергенова
Қазақстан
з.ғ.к., доцент, профессор-ізденуші
Алматы қ.
Э. О. Тойлыбекова
Қазақстан
PhD, қауымдастырылған профессор
Қызылорда қ.
Ә. О. Қасымбек
Қазақстан
PhD, қауымдастырылған профессор
Түркістан қ.
Әдебиет тізімі
1. «Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура» 2022–2025 жылдарға арналған қазақстандық адвокатураның даму тұжырымдамасы. URL: https://advokatura.kz/dokumenty/koncepcia-razvitia-advokatury (өтініш бе_ рілген күн: 15.03.2026)
2. Жасанды интеллектті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000592 (өтініш берілген күн: 15.03.2026)
3. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ Жасанды интеллект туралы Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000230 (өтініш берілген күн: 15.03.2026)
4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K25002025_1 (өтініш берілген күн: 15.03.2026)
5. United Nations: E-Government Development Index 2024. URL: https://gtmarket.ru/ratings/egovernment-development-index (accessed: 20.03.2026)
6. Мергалиев А. Цифровая трансформация судебной системы: интервью председателя Верховного суда РК от 10 сентября 2025 года // Казахстанская правда. URL: https://kazpravda.kz/n/tsifrovayatransformatsiya-sudebnoy-sistemy/ (дата обращения: 20.03.2026)
7. Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуге дайындық бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1131135?lang=kk (өтініш берілген күн: 20.03.2026)
8. Казахстан вошел в топ-10 мира по цифровым госуслугам. URL: https://24.kz/ru/news/social/752173kazakhstan-voshjol-v-top-10-mira-po-tsifrovym-gosuslugam (дата обращения: 20.03.2026)
9. Адвокаттық қызметте жасанды интеллектті пайдалану мәселелері бойынша республикалық адвокаттар алқасының ұстанымы, Республикалық адвокаттар алқасы, 2025 жылғы 15 қыркүйек. URL: https://advokatura.kz/pozicii/pozicia-respublikanskoj-kollegii-advokatov-po-voprosam-ispol-zovaniaiskusstvennogo-intellekta-v-advokatskoj-deatel-nosti (өтініш берілген күн: 20.03.2026)
10. Dennis J., Hall N. Innovation and adaptation in advocacy organizations throughout the digital eras // Journal of Information Technology & Politics. 2020. Vоl. 17. No. 2. P. 79–86.
11. Balogun J.A. Advocacy for research evidence in academic public policy development // African Journal of Reproductive Health. 2019. Vol. 23. No. 3. P. 9–18.
12. Caserta S. Digitalization of the legal field and the future of large law firms // Laws. 2020. Vol. 9. No. 2. Article 14. DOI: 10.3390/laws9020014.
13. McLean M.J., Madden S., Pressgrove G. Complexity theory as a new lens for digital social advocacy // Public Relations Review. September 2021. Vol. 47. Issue 3. 102056. URL: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0363811121000485
14. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамыздағы Конституциясы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ (өтініш берілген күн: 20.03.2026)
15. Aliyev A.J. Legal Principles of the Advocacy Activities in Azerbaijan and in the post-Soviet States: The Role of Digitalization and Technological Aspects // Futurity Economics&Law. 2023. Vol. 3. No. 4. P. 223–238.
16. Соловьёва Ю.И. Проблема обеспечения сохранения адвокатской тайны в условиях цифровизации // Евразийская адвокатура. – 2019. – № 6. – С. 51–55.
17. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1800000176 (өтініш берілген күн: 20.03.2026)
18. ABA Comm’n on Ethics 20/20, Revised Draft Resolutions for Comment Technology and Confi dentiality, Feb. 21, 2012. URL: https://www.americanbar.org/groups/professional_responsibility/committees_commissions/aba-commission-on--ethics-20-20/ (accessed: 20.03.2026)
19. Standards for Safeguarding Customer Information, 16 C.F.R. section 314. 2012; OCR HIPAA Security and Privacy Rules, 45 C.F.R. section 164. 2012.
20. Верховный суд: суды республики обеспечили высокое качество отправления правосудия по итогам 2024 года. URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38377788&pos=5;-116#pos=5;-116 (дата обращения: 20.03.2026)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ізтұрғанова Г.Қ., Алдабергенова Н.А., Тойлыбекова Э.О., Қасымбек Ә.О. Цифрландыру жағдайында қылмыстық процесте адвокаттық қызметтің кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):341-353. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-341-353
For citation:
Izturganova G.К., Aldabergenova N.A., Toilybekova E.O., Kassymbek A.О. The problems of ensuring the professional safety of advocacy in criminal proceedings in the context of digitalization. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):341-353. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-341-353
JATS XML
