Big Data және жасанды интеллект экожүйелеріндегі деректерді өңдеудің құқықтық режимі: Қазақстан Республикасындағы реттеудің ұлттық моделінің дамуы
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-403-417
Аңдатпа
Big Data технологиялары мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы деректерді өңдеуді құқықтық реттеудің дәстүрлі тәсілдерін түбегейлі өзгертуде. Цифрлық экожүйелер жағдайында дербес деректерді қорғаудың классикалық моделі ақпараттың бүкіл өмірлік циклін толық қамти алмайды; бұл цикл оқыту датасеттерін дайындауды, алгоритмдік өңдеуді, синтетикалық деректерді пайдалануды және жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуін қамтиды. Мақалада Қазақстан Республикасында data governance жүйесін ұлттық деңгейде қалыптастыру ерекшеліктері зерттеліп, оның EU AI Act аясында бекітілген Еуропалық Одақтың тәуекелге бағдарланған тәсілімен салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Авторлар қазіргі заманғы деректердің құқықтық режимі объектілік, субъектілік, рәсімдік және институционалдық деңгейлерді қамтитын кешенді реттеу жүйесі ретінде құрылуы тиіс екенін негіздейді. Осыған байланысты дербес деректерді, оқыту датасеттерін, синтетикалық деректерді және алгоритмдік өңдеу нәтижелерін ажыратуға негізделген деректердің құқықтық режимінің авторлық интеграцияланған моделі ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде жоғары тәуекелді жасанды интеллект жүйелеріне арнайы аудит рәсімдерін енгізу, адам құқықтарына ықпалын бағалау және алгоритмдік ашықтық тетіктерін қалыптастыру қажеттігі туралы қорытынды жасалады. Зерттеудің практикалық маңызы Қазақстан Республикасының жасанды интеллект пен деректер айналымы саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуде көрінеді.
Авторлар туралы
Ж. Б. ТұрысбекҚазақстан
докторант
Алматы қ.
С. А. Сарина
Қазақстан
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Алматы қ.
С. Дамиан
Польша
PhD, ассистент-профессор
Гданьск қ.
А. А. Исмаилов
Қазақстан
з.ғ.к., аға оқытушы
Шымкент қ.
Әдебиет тізімі
1. Floridi L. The Ethics of Artificial Intelligence. Oxford University Press, 2023. DOI: 10.1093/oso/9780190905033.001.0001
2. Regulation (EU) 2024/1689 of the European Parliament and of the Council of 13 June 2024 laying down harmonised rules on artificial intelligence (Artificial Intelligence Act). URL: https://eur-lex.europa.eu (accessed: 10.01.2026)
3. Mantelero A. Artificial Intelligence and Data Protection: Challenges and Opportunities // Computer Law & Security Review. 2024. DOI: 10.1016/j.clsr.2024.105781
4. Kuner C. Transborder Data Flows and Data Governance in the Age of Artificial Intelligence // International Data Privacy Law. 2024. DOI: 10.1093/idpl/ipad035
5. Жасанды интеллект туралы: Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ. // Информационно-правовая система «Әділет». URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000230 (өтініш берілген күн: 10.01.2026)
6. OECD Digital Economy Outlook 2023. OECD Publishing. URL: https://www.oecd.org (accessed: 16.02.2026)
7. Floridi L., Cowls J. A Unified Framework of Five Principles for AI in Society // Harvard Data Science Review. 2022. DOI: 10.1162/99608f92.8cd550d1
8. Veale M., Borgesius F. Demystifying the Draft EU Artificial Intelligence Act // Computer Law Review International. 2021. DOI: 10.9785/cri-2021-0401
9. Bryson J. Artificial Intelligence Governance and the Rule of Law // Science and Engineering Ethics. 2023. DOI: 10.1007/s11948-023-00373-2
10. Crawford K. Atlas of AI. Yale University Press, 2021. DOI: 10.2307/j.ctv1ghv45t
11. Cath C., Wachter S., Mittelstadt B. Artificial Intelligence and the Law // Nature Machine Intelligence. 2024. DOI: 10.1038/s42256-024-00611-z
12. Kitchin R. Big Data, New Epistemologies and Paradigm Shifts // Big Data & Society. 2022. DOI: https://doi.org/10.1177/20539517221082574
13. Hildebrandt M. Smart Technologies and the End(s) of Law. Edward Elgar Publishing, 2022. DOI: https://doi.org/10.4337/9781789908787 (accessed: 23.03.2026)
14. European Commission. EU Justice Scoreboard 2024. URL: https://commission.europa.eu (accessed: 29.03.2026)
15. UNCITRAL Technical Notes on Online Dispute Resolution. URL: https://uncitral.un.org (accessed: 29.03.2026)
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысы. – Астана, 2024.
17. Ережепқызы Р. Экологическая миграция: международно-правовые основы, цифровые инструменты управления и практика Казахстана // Journal of Actual Problems of Jurisprudence (Хабаршы. Заң сериясы). – 2025. – Т. 116. – № 4. – С. 78–89.
18. Нұрғалым Қ.С. және т.б. Цифрлық технологиялардың құқықтық реттелуі: жасанды интеллект және дербес деректерді қорғау // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Международная жизнь и политика. – 2026. – Т. 1. – № 84. – Б. 45–57.
19. Amantay A., Nurmagambetov A.M., Akhpanov A.N. Жасанды интеллект құралдарын қолдану тұтынушылардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету әдісі ретінде // Scientific and Legal Journal «Bulletin of the Institute of Legislation and Legal Information of the Republic of Kazakhstan». – 2025. – Т. 80. – № 3. – Б. 112–124.
20. Шошаева Л., Аманбаева А. Искусственный интеллект как правовая категория // ҚЭУ Жаршысы: Экономика, философия. – 2023. – № 4. – С. 99–105.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тұрысбек Ж.Б., Сарина С.А., Дамиан С., Исмаилов А.А. Big Data және жасанды интеллект экожүйелеріндегі деректерді өңдеудің құқықтық режимі: Қазақстан Республикасындағы реттеудің ұлттық моделінің дамуы. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):403-417. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-403-417
For citation:
Turysbek Zh.B., Sarina S.A., Damian C., Ismailov A.A. Legal framework for data processing in Big Data and artificial intelligence ecosystems: development of a national regulatory model in the Republic of Kazakhstan. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):403-417. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-403-417
JATS XML
