Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу

Eurasian Scientific journal of Law ғылыми-практикалық журналы Қазақстанда және шет елдерде құқықты қолдану теориясы мен практикасы мәселелері бойынша пікір алмасуға арналған. Ғылыми журнал пәнаралық тәсілді ұсынады, кең халықаралық тартымдылыққа қол жеткізуге, әртүрлі құқықтық қатынастардың, сондай-ақ қоғамды қызықтыратын теориялық және практикалық мәселелерге үлес қосып, шешуге ұмтылады.

Ағымдағы шығарылым

№ 1(10) (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

7-12 73
Аннотация

Мақалада Қазақстанның салық жүйесін түбегейлі өзгерту контекстінде салықтық әкімшілендіру институтын дамытудың маңыздылығы қарастырылады. Елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімді салықтық әкімшілендіру және салық органдарының қызметін оңтайландыру қажет. Авторлар салықтық әкімшілендіруді нарықтық инфрақұрылымның дамуын, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруді және азаматтық қоғам принциптерін көрсететін көп қырлы әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыс ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық салық саясаты мен стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады. Мақалада ұлттық мақсаттарға жетудегі прогресті бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер талданады және әкімшілік кедергілерді азайту мен жеңілдетудің әсері қарастырылады. Сонымен қатар, салықтық басқарудың әртүрлі формалары мен әдістері зерттелуде. Қорытындылай келе, авторлар оны оңтайландыруға және одан әрі жетілдіруге бағытталған салық жүйесін құрудың бірқатар принциптерін ұсынады.

13-21 72
Аннотация

Мақала жаһандану үдерісінің көпқырлылығын зерттеуге арналған, осы күрделі құбылысты түсінуге негіз болатын негізгі тұжырымдамаларға талдау жасалады. Жаһандану мен егемендік арасындағы өзара байланыс мәселесі басты назарда тұр. Экономикалық интеграция мен өзара тәуелділікті баса көрсететін либералдық теориялардан бастап, теңсіздіктің күшеюі мен ұлттық шекаралардың бұлыңғырлануына назар аударатын сындарлы көзқарастарға дейінгі әртүрлі теориялық тәсілдер қарастырылады. Жаһанданудың саяси, экономикалық және мәдени салаларға әсері талданады, ұлттық мемлекеттерге және олардың ішкі үдерістерді бақылау қабілетіне тигізетін салдары зерттеледі. Авторлардың назарында жаһандық экономикалық және саяси үдерістерге қатысуды ұлттық егемендікті қорғаумен қалай үйлестіруге болатыны туралы мәселе тұр. Осы екі аспектінің өзара байланысы зерттеледі. Мақала жаһанданудың негізгі тұжырымдамалары мен олардың мемлекеттердің егемендігіне тигізетін әсеріне жан-жақты шолу жасауға бағытталған. Бұл үдеріспен байланысты мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер айқындалып, қазіргі әлемдік саясатты тереңірек түсінуге ықпал етеді.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ҮРДІС

22-31 59
Аннотация

Бұл мақала Қазақстанның құқықтық жүйесінің цифрлық трансформациясын терең талдайды. Атап айтқанда, сот жүйесі мен оған байланысты құқықтық процестердегі цифрландырудың дамуы, оның мәселелері мен болашақтағы мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу соңғы бастамаларды жан-жақты талдау арқылы цифрлық технологиялардың тиімділік, ашықтық және қолжетімділік тұрғысынан елеулі жақсартулар әкелгенін анықтайды. Сонымен қатар, зерттеу барысында киберқауіпсіздік мәселелері мен цифрлық жетістіктерді қолдау үшін қажетті құқықтық базаның әлсіздігі сияқты өзекті мәселелер де атап көрсетіледі. Цифрлық құқықтық жүйе тәжірибесін дамытуға негізделген концепциялар да қарастырылды, бұл Қазақстандағы сот төрелігін жетілдірудің маңызды бағытына айналды. Елімізде цифрландыру арқылы заңнаманы жетілдірудің ғылыми және тәжірибелік құндылығы зор, себебі бұл азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Бұл зерттеу нәтижелері Қазақстан мен цифрлық трансформация үдерісінен өтіп жатқан басқа да елдердегі саясаткерлер мен құқықтық практика мамандары үшін құнды мәліметтер береді. Сонымен бірге, мақала дамушы экономикалардағы құқықтық жүйелердің цифрландырылуы бойынша ғылыми зерттеулердің кеңеюіне үлес қосады. Цифрлық инфрақұрылымға және құқықтық реформаларға тұрақты инвестициялар жасаудың маңыздылығын ескере отырып, бұл зерттеу құқықтық саладағы цифрлық трансформацияның артықшылықтарын толыққанды жүзеге асырудың қажеттілігін атап өтеді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҮРДІС

32-37 40
Аннотация

Aтaлғaн ғылыми мaқaлaдa ізденуші aдaмлaрды сaудaлaумен бaйлaнысты қылмыс құрaмын сaрaлaйды. Ғылыми мaқaлaны жaзу бaрысындa, ізденуші aдaмдaрды сaудaлaумен бaйлaнысты қылмыс құрaмдaрын сaрaлaудың ерекшеліктерін тaлдaйды және ұқсaс құрaмдaрдaн aжырaтaды. Еліміздің құқық қорғaу оргaндaрынaн aлынғaн, осы тұрғыдaғы қылмыстaрдың сaндық мәліметтерін сaрaптaйды. Елімізде жұмыс істеп тұрғaн, қылмыстық зaңнaмaғa сaй, aтaлмыш қылмыстық құқықтық бұзушылық құрaмынның элеметтерін тaлдaйды. Ғылыми мақалада автор адамдарды саудалау қылмыстары бойынша әлемде қалыптасқан статистикалық көрсеткіштерді де талдаған. Сонымен бірге aдaм сaудaсы қылмыстaрын жaсaуғa әсер ететін себептер мен олaрдың кеңінен тaрaлуынa ықпaл ететін жaғдaйлaр дa қaрaстырылғaн. Ғылыми мaқaлaны жaзу бaрысындa aвтор, осы тұрғыдaғы қылмыстaрдың қaзіргі тaңдa aзaймaй отырғaндығын дa бaсa көрсетіп кеткен.

38-47 36
Аннотация

Адам өмірінің барлық саласын қамтыған жалпы цифрландыру қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дәлелдерді жинау және зерттеу үдерістеріне, әсіресе криминалистика және сот-сараптамалық қызмет салаларына арнайы ғылыми білімдерді қолдану арқылы енгізілуде. Бұл мақалада компьютерлік қыл мыстардың түрлері және олардың көрініс табатын салалары, сонымен қатар жаңа дәлел түрі – «цифрлық» дә лелдер, атап айтқанда, «цифрлық іздің» пайда болуы қарастырылады. Мақалада цифрлық іздер мен олар дың тасымалдаушылардың категориялары талданады. Сондай-ақ, мақалада Қазақстанда 2022–2023, 2023– 2024  жылдар  аралығында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  жасалған қыл мыстардың өсуіне мониторинг жүргізіліп, мұндай қылмыстардың жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсететін нақты мәліметтер келтірілген. Киберқылмыстардың санының көбеюін, олардың қарқынды өсуін, жаңа «цифрлық» дәлелдер түрлерінің пайда болуын ескере отырып, мақалада компьютерлік құралдар мен жүйелерді  зерттеуге  арналған  нақты  шаралар  ұсынылады.  Онда  цифрлық  іздердің  криминалистикалық анық тамасы,  олардың  түрлері  мен  жинау  әдістері,  цифрлық  базаларды  Қазақстанда  және  халықаралық дең гейде қолдануға мүмкіндік беретін нормативтік реттеу және біріздендіру ұсынылады. Сонымен қатар, цифрлық іздерді тиімді есепке алу мақсатында сот-сараптамалық және криминалистикалық салаларды цифр ландыруды, оларды бірыңғай АІЗЖ (Автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері) жүйесіне біріктіру ша ралары ұсынылады (криминалистикалық және сот-сараптамалық мақсаттағы АІЗЖ).

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚ

48-53 90
Аннотация

Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының  (ШЫҰ)  біртіндеп  кеңеюімен  оның  географиялық  ауқымы Орталық Азиядан Оңтүстік Азияға және оған жақын аймақтарға дейін созылады. Осы кеңею ШЫҰ аясында цифрлық экономикалық дамудың негізі ретінде стандартталған деректерді басқару архитектурасын құрудың қажеттілігін айқындайды. Мүше мемлекеттердің әртүрлі реттеу тәсілдері мен жеткіліксіз көпжақты үйлестіру механизмдерімен  сипатталатын  қазіргі  жағдай  шұғыл  институционалдық  жаңартуларды  талап  етеді.  Осы ынтымақтастық режимін орнату үшін үш негізгі баған анықталды: шекаралар аралық деректерді басқару протоколдарын әзірлеу; көпдеңгейлі заңнамалық үйлестіру құрылымдарын құру; кешенді ынтымақтастық қауіпсіздік  стандарттарын  енгізу.  Қытайдың  цифрлық  трансформациядағы  айқын  рөлін  ескере  отырып, ол  көпжақты  платформалар  арқылы  өз  стратегиялық  жоспарын  белсенді  түрде  алға  жылжытып,  ШЫҰ келіссөздерінде инновациялық шешімдерді ұсынуы және барлық мүдделі тараптарға пайда әкелетін ортақ қауіпсіздік парадигмаларын қалыптастыруы қажет.