2025-07-01
Мақалаларды қабылдау мерзімі туралы хабарландыру
Құрметті авторлар, Eurasian Scientific Journal of Law журналының редакциясы кезекті қабылдау 2025 жылдың 1–15 шілде аралығында болатынын хабарлайды. Осы мерзім аяқталған соң журнал сайтына келіп түскен мақалалар қабылданбайды.
2025-06-27
Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тізіміне енгізілді
Eurasian Scientific Journal of Law ғылыми журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті негізгі ғылыми нәтижелерді жариялау үшін ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне (2-тізім) енгізілді, «Құқық» саласы (ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 05.06.2025 ж. № 893 бұйрығына сәйкес, «2024 жылғы 12 шілдедегі № 603 бұйрыққа толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған ғылыми басылымдар тізімін бекіту туралы»).