Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудегі баланы асырап алу: ғылыми-құқықтық талдау
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-3-71-78
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу жүйесіндегі бала асырап алу институты на кешенді ғылыми-құқықтық талдау жасалады. Асырап алу тек асырап алушы мен баланың арасындағы туыстық қатынасты орнататын құқықтық акт ретінде ғана емес, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің бір нысаны ретінде қарастырылады. Зерттеу бала асырап алудың тек материалдық-құқықтық емес, сонымен қатар ерекше іс жүргізу аясында тек сот тәртібімен жүзеге асырылатын процестік аспектілерін де қамтиды. 2020–2024 жылдар аралығындағы заңнама, сот тәжірибесі, статистикалық мәліметтер мен ғылыми көздерді талдау негізінде асырап алуға байланысты негізгі мәселелер, соның ішінде жалған (фиктивті) асырап алу жағдайлары анықталған. Зерттеуде мүдделі тұлғалардың құ қықтық мәртебесі, даулы жағдайлардың жіктелуі, сондай-ақ асырап алу туралы шешімдерді жарамсыз деп тануға қатысты заңнамалық олқылықтар ерекше назарға алынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде авторлар жалған асырап алуды асырап алуды жарамсыз деп танудың дербес негізі ретінде қарастыратын авторлық тұжырымды ұсынады. Мақалада қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілген: «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске арнайы бап енгізу, мүдделі тұлғалардың өкілеттіктерін нақтылау, асырап алғаннан кейінгі бақылау тәртібін заңнамалық тұрғыда бекіту. Авторлар сот бақылауын күшейту, балалардың құқықтарын қорғау және теріc пайдалануды болдырмау мақсатында кешенді заңнамалық реформалардың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
Авторлар туралы
Г. Ш. АталыковаҚазақстан
з.ғ.м., сениор-лектор
Алматы қ.
Т. А. Токтыбеков
Қазақстан
з.ғ.к., доцент
Алматы қ.
Е. С. Кемали
Қазақстан
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Алматы қ.
С. А. Сарина
Қазақстан
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 31 октября 2015 г. № 377-V ЗРК. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000377 (дата обращения: 01.04.2025)
2. Кодекс Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» от 26 декабря 2011 г. № 518-IV. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1100000518 (дата обращения: 01.04.2025)
3. Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан» от 8 августа 2002 г. № 345-II. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z020000345_ (дата обращения: 01.04.2025)
4. Комитет по охране прав детей Министерства образования Республики Казахстан. URL: https://bala-kkk.kz (дата обращения: 01.04.2025)
5. Единая информационная система «Усыновление в Казахстане». URL: https://adoption.gov.kz (дата обращения: 01.04.2025
6. Доклад Уполномоченного по правам ребенка в Республике Казахстан за 2024 год. URL: https://ombudsman-deti.gov.kz (дата обращения: 01.04.2025)
7. Алимжанов Т.Ж. Правовые аспекты усыновления в Республике Казахстан // Юридический вестник Казахстана. – 2023. – № 2. – С. 57–68.
8. Кусаинова А.К. Особенности судебного рассмотрения дел об усыновлении // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2022. – № 1(97). – С. 39–48.
9. Aliyeva L.R., Ilyassova G.A. The concept, conditions and legal consequences of adoption (adrogation) of a child under the Republic of Kazakhstan legislation // Вестник Карагандинского университета. Серия «Право». – 2021. – № 3(103). – С. 155–162. DOI: 10.31489/2021/L3/155162.
10. Джандарбек Б.А. Некоторые аспекты признания усыновления (удочерения) недействительным // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия юридическая. – 2022. – № 1(65). – С. 104–109.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Аталыкова Г.Ш., Токтыбеков Т.А., Кемали Е.С., Сарина С.А. Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудегі баланы асырап алу: ғылыми-құқықтық талдау. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(3(12)):71-78. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-3-71-78
For citation:
Atalykova G.Sh., Toktybekov T.A., Kemali E.S., Sarina S.A. Child adoption in civil proceedings of the Republic of Kazakhstan: scientific and legal analysis. Eurasian Scientific Journal of Law. 2025;(3(12)):71-78. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2025-1-3-71-78