Жауап алудың қылмыстық процестегі және криминалистикадағы түсінігі мен мәні
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2023-1-1-43-52
Аннотация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі заңды күшіне еніп, қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылғаннан бері соңғы бірнеше жыл ішінде оған көптеген толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, сот өндірісінің жетілдірілуіне ықпал етті. Бұл ретте ғылыми зерттеулер мен қылмыстық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру үшін бай дереккөз болып табылатын елеулі эмпирикалық массив қалыптасты. Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстарды тергеп-тексеру процесінде жауап алу ең көп таралған тергеу әрекеті болып табылады. Елімізде жыл сайын орта есеппен 150 мың қылмыс тіркеледі. Әрбір қылмыстық іс бойынша ондаған, кейде тіпті жүздеген азаматтар: жәбірленушілер мен куәгерлер, күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алынады. Арнайы ғылыми білімді пайдалана отырып, заттай дәлелдемелерді зерттеудегі табыстарға қарамастан, жауап алу кезінде алынған азаматтардың айғақтары тергелетін оқиға, оған қатысушылар және қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы дәлелдеудің негізгі көзі болып қала береді. Мақалада тергеу әрекетінің кең тараған, сонымен қатар күрделі түрінің бірі ретінде жауап алудың түсінігі мен жіктелуі қарастырылған. Оның тиімділігі бір бүтіннің екі құрамдас бөлігіне дейін қысқартуға болатын бірқатар объективті және субъективті факторлардан тұрады: заңды қатаң сақтау және тергеушінің кәсіби шеберлігі, оның ішінде оның тактикалық және криминалистикалық білімі мен дағдысы.
Әдебиет тізімі
1. Уголовный процесс: учебник / Под ред. И.Л. Петрухина. – М., 2015. – 116 с.
2. Порубов Н.И. Тактика допроса на предварительном следствии: учебное пособие. – М., 2014. – С. 121.
3. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014 года № 231-V // «Казахстанская правда» от 10.07.2014 – № 133(27754).
4. Громов Н.А. Уголовный процесс России: учебник. – М.: Юрист, 1998. – 552 с.
5. Якупов Р.Х. Уголовный процесс: учебник для вузов / Под ред. Галузо В.Н. – М.: Изд-во «Зерцало», 1999. – 464 с.
6. Шейфер С.А. Следственные действия. Основания, процессуальный порядок и доказательственное значение. – Самара: Изд-во «Самарский университет», 2004. – 191 с.
7. Оспанов С.Д. Досудебное производство в уголовном процессе Республики Казахстан: особенная часть. – Алматы, 2004. – 240 с.
8. Капсалямов К.Ж. Уголовное преследование и способы собирания доказательств: учеб. пособие. – Астана: «Фолиант», 2001. – 112 с.
9. Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. – Алматы: Изд-во «Казахстан», 1995. – 114 с.
10. Зорин Г.А. Руководство по тактике допроса: учеб.-прак. пособие. – М.: ООО издательство «Юрлитинформ», 2001. – 320 с.
11. Шурухнов Н.Г. Криминалистика: учеб. пособие. – М.: «Юристь», 2005. – 639 с.
12. Эксархопуло А.А. Криминалистика. В схемах и иллюстр. Учеб. пособие. – Санкт-Петербург: Юридический Центр Пресс, 2002. – 450 с.
13. Криминалистика / Под ред. Образцова В.А. – Москва: Юристъ, 1997. – 760 с.
14. Россинская Е.Р. Криминалистика. Вопросы и ответы. – М.: «Закон и право», 2000. – 275 с.
15. Пралиева Г.К. Юридическая психология: учеб. пособие. – Алматы: Изд-во «Жеты Жаргы», 2004. – 268 с.
16. Доспулов Г.Г. Психология допроса на предварительном следствии. – М., 2010. – С. 33–34.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Аскарова М.М. Жауап алудың қылмыстық процестегі және криминалистикадағы түсінігі мен мәні. Eurasian Scientific Journal of Law. 2023;(1 (2)):43-52. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2023-1-1-43-52
For citation:
Askarova M.M. The concept and essence of interrogation in criminal proceedings and criminalistics. Eurasian Scientific Journal of Law. 2023;(1 (2)):43-52. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2023-1-1-43-52