Халықаралық құқықтағы конституциялық плюрализм: ұлттық конституциялық құндылықтар мен халықаралық міндеттемелердің өзара ықпалы
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-257-267
Аңдатпа
Бұл зерттеуде ұлттық конституциялық құндылықтар және халықаралық міндеттемелер арасындағы өзара әрекеттесу және олардың қақтығысуының құқықтық табиғаты Қазақстан Республикасы Конституциясы контексінде талданады. Зерттеу өзектілігі – халықаралық міндеттемелердің күшеюі, мемлекеттердің интеграциялық процестерге белсенді қатысуы және ұлттық құқықтық жүйелерге сыртқы ықпалдың артуымен байланысты. Зерттеудің мақсаты – халықаралық құқық нормаларының ұлттық конституциялық қағидаттармен ықтимал қайшылықтарын анықтап, оларды шешу тетіктерін зерделеу. Негізгі идеясы – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, халықаралық нормаларды селективті түрде қабылдаудың құқықтық үлгісін ұсыну. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуде конституциялық сүзгі механизмдерінің рөлін негіздеуінде. Әдіснамасы жүйелік талдау, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық және формальды-логикалық әдістерге сүйенеді. Германияның «Solange» доктри насы, конституциялық плюрализм теориялары, қазақстандық нормативтік актілер мен сот тәжірибесі қараст ырылған. Зерттеу нәтижелері халықаралық нормалардың ұлттық құқыққа енгізілуі конституциялық құндылықтарға қайшы келмеуі тиіс екенін көрсетті. Сондай-ақ құқықтық тепе-теңдік ұлттық құқық үстемдігін қамтамасыз ететін сараланған тәсілді қажет ететіні дәлелденді. Жұмыстың құндылығы – халықаралық міндеттемелердің ұлттық құқықтық жүйеге әсерін ғылыми тұрғыда бағалауында. Практикалық мәні – құқықтық саясатты жетілдіру, имплементациялық тетіктерді нақтылау және конституциялық бақылау тәжірибесін дамыту бойынша ұсыныстар ұсынуында.
Авторлар туралы
Г. С. ЖаманкараеваҚазақстан
Жаманкараева Г.С., құқық магистрі, аға оқытушы,
Шымкент қ.
М. Б. Шалдарбекова
Қазақстан
Шалдарбекова М.Б., құқық магистрі, аға оқытушы,
Шымкент қ.
Ш. Р. Жумагулова
Қазақстан
Жумагулова Ш.Р., з.ғ.к., аға оқытушы,
Қызылорда қ.
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000 (өтініш берілген күн: 26.12.2025)
2. Cassese A. International Law. Oxford: Oxford University Press, 2005. 558 p.
3. Besselink L. Constitutional Pluralism. Amsterdam: Amsterdam University Press, 2021. 312 p.
4. Bundesverfassungsgericht. BVerfG, 2 BvR 1481/04, Urteil vom 14.10.2004. Karlsruhe: BVerfG, 2004. 28 p.
5. Raz J. The Authority of Law: Essays on Law and Morality. Oxford: Oxford University Press, 2019. 364 p.
6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S090000006 (өтініш берілген күн: 26.12.2025)
7. Токобеков Н.А. Конституциялық үстемдік және халықаралық құқықтың арақатынасы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2023. – 276 б.
8. Von Bogdandy A., Schill S. Overcoming Absolute Sovereignty: Global Constitutionalism. Heidelberg: Springer, 2018. 332 p.
9. Peters A. Global Constitutionalism in a Nutshell // Utrecht Law Review. 2019. Vol. 15, no. 3. P. 15–35.
10. Stone Sweet A., Ryan C. A Cosmopolitan Legal Order: Constitutional Pluralism and Rights Adjudication. Oxford: Oxford University Press, 2018. 402 p.
11. Walker N. Constitutionalism and Pluralism Revisited // European Journal of Legal Studies. 2016. Vol. 9. No. 2. P. 105–132.
12. Wheatley S. The Idea of International Constitutionalism. Oxford: Oxford University Press, 2019. 288 p.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жаманкараева Г.С., Шалдарбекова М.Б., Жумагулова Ш.Р. Халықаралық құқықтағы конституциялық плюрализм: ұлттық конституциялық құндылықтар мен халықаралық міндеттемелердің өзара ықпалы. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):257-267. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-257-267
For citation:
Zhamankarayeva G., Shaldarbekova M., Zhumagulova Sh.R. Constitutional pluralism in international law: interaction between national constitutional values and international obligations. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):257-267. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-257-267
JATS XML
