Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу

Жасанды интеллект жүйелері келтірген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түйінді мәселелері

https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-157-169

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында жасанды интеллект жүйелері келтірген зиян үшін азаматтыққұқықтық жауапкершіліктің қолданыстағы моделін және оны жетілдіру қажеттігін талдауға арналған. Зерттеу өзегінде бір сұрақ тұр: арнайы заң қабылданған жағдайда неге зиянды өтеу мәселесі әлі де Азаматтық кодекстің дәстүрлі деликттік тетіктерімен шешіледі және бұл тетіктер алгоритмдік автономия, көпсубъектілі технологиялық тізбек, дәлелдеу асимметриясы мен тәуекелді үлестіру проблемаларына қаншалықты бейімделген. Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңы, Азаматтық кодекс нормалары, отандық құқықтанудағы негізгі тұжырымдар, сондай-ақ Еуропалық одақтың AI Act, Product Liability Directive және шетелдік құқық қолдану материалдары формальды-құқықтық, салыстырмалықұқықтық, жүйелік және доктриналдық әдістерді қолдану арқылы қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде жасанды интеллектке дербес құқық субъектілігін беру қазіргі жағдайда өтем тетігін жеңілдетпейтіні, керісінше жауапты тұлғалар шеңберін бұлдырататыны айқындалды. Неғұрлым орнықты шешім ретінде жәбірленушіге қатысты сыртқы жауапкершілікті жүйені кәсіби айналымға енгізген және оның нәтижелерін пайдаланған субъектінің мойнына шоғырландыру, ал әзірлеуші, интегратор, сервис жеткізуші және өзге қатысушылар арасындағы жауапкершілікті регресс тәртібімен бөлу ұсынылады. Сонымен бірге жоғары тәуекелді жүйелер бойынша логтарды, аудит материалдарын, тәуекел карталарын және пайдаланушыны хабардар ету құжаттарын сақтамау дәлелдеу салдарын жауапкердің өзіне қарсы бұруға негіз болуы тиіс деген қорытынды жасалады.

Авторлар туралы

Ж. Шаривхан
А. Мырзахметов ат. Көкшетау университеті
Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор

Көкшетау қ.

 



Л. Сатыбалды
А. Мырзахметов ат. Көкшетау университеті
Қазақстан

з.ғ.к., қауымдастырылған профессор 

Көкшетау қ.

 



Б. С. Колдасов
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Қазақстан

з.ғ.м., аға оқытушы

Ақтау қ.



Д. Б. Османова
А. Мырзахметов ат. Көкшетау университеті
Қазақстан

з.ғ.к., қауымдастырылған профессор 

Көкшетау қ.

 



Әдебиет тізімі

1. Закон Республики Казахстан «Об искусственном интеллекте» от 17 ноября 2025 года № 230-VIII ЗРК. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000230 (дата обращения: 20.03.2026)

2. Civil Code of the Republic of Kazakhstan (Special Part). 1 July 1999. URL: https://adilet.zan.kz/eng/docs/K990000409_ (accessed: 20.03.2026)

3. Тлембаева Ж.У. О некоторых подходах к правовому регулированию искусственного интеллекта // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. – 2021. – № 2(65). DOI: 10.52026/27885291_2021_65_2_61

4. Бекен А.Т. Некоторые вопросы правосубъектности роботов, оснащенных искусственным интеллектом // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. – 2019. – № 4(58). – С. 170– 175.

5. Темірбеков Ж.Р. Құқық пен жасанды интеллект // Право и государство. – 2022. – № 2(95). – С. 83–99. DOI: 10.51634/2307-5201_2022_2_83

6. Құлажанова А.Н. Жасанды интеллект азаматтық құқық объектісі ретінде // Dulaty University Хабаршысы. – 2024. – № 3. – Б. 143–151. DOI: 10.55956/HUFB6983

7. Ондаш A.A. Жасанды интеллекттің құқықтық мәртебесі және оның құқық субъектілігі туралы даулар // Право и государство. – 2024. – № 1(102). – Б. 55–64. DOI: 10.51634/2307-5201_2024_1_55

8. Жалтырбаева Р.С., Джангабулова А.Қ., Тілембаева Ж.О. Жасандыинтеллект ұғымының құқықтық дефинициясы: теориялық негіздер мен заңнамалық тұжырымда // Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы. – 2025. – № 4(80). – Б. 35–53. DOI: 10.52026/27885291_2025_80_4_35

9. Бердиярова Ж.С., Саймова Ш.А., Абдуллаева Д.С. Жасанды интеллектіні пайдаланудың құқықтық мәселелері // Вестник им. Л.Н. Гумилева. Серия «Право». – 2026. – №. 1(154). – Б. 41–50. DOI: 10.32523/2616-6844-2026-154-1-41-50

10. Турецкий Н.Н. О Законе Республики Казахстан «Об искусственном интеллекте» // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. – 2025. – № 4(80). – С. 398–408. DOI: 10.52026/27885291_2025_80_4_398

11. Soh J. Legal dispositionism and artificially-intelligent attributions // Legal Studies. 2023. Vol. 43. No. 4. P. 583–602. DOI: 10.1017/lst.2022.52.

12. Regulation (EU) 2024/1689 of the European Parliament and of the Council of 13 June 2024 laying down harmonised rules on artificial intelligence (Artificial Intelligence Act). URL: https://eur-lex.europa.eu/eli/reg/2024/1689/oj/eng (accessed: 20.03.2026)

13. Directive (EU) 2024/2853 of the European Parliament and of the Council of 23 October 2024 on liability for defective products and repealing Council Directive 85/374/EEC. URL: https://eur-lex.europa.eu/eli/dir/2024/2853/oj/eng (accessed: 20.03.2026)

14. Moffatt v. Air Canada, 2024 BCCRT 149. URL: https://canlii.ca/t/k2spq (accessed: 20.03.2026)

15. Amantai A., Nurmagambetov A.M., Akhpanov A.N. The Use of Artificial Intelligence Tools as a Means of Ensuring Consumers’ Access to Justice // Bulletin of the Institute of Legislation and Legal Information of the Republic of Kazakhstan. 2025. Vol. 80. No. 3.

16. Proposal for a Directive of the European Parliament and of the Council on adapting non-contractual civil liability rules to artificial intelligence (AI Liability Directive), COM(2022) 496 final; proposal withdrawn. URL: https://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/?uri=celex:52022PC0496 (accessed: 20.03.2026)

17. Mobley v. Workday, Inc., Case No. 23-cv-00770-RFL, Order Granting Preliminary Collective Certification, United States District Court, Northern District of California, 16 May 2025. URL: https://www.govinfo.gov/content/pkg/USCOURTS-cand-3_23-cv-00770/pdf/USCOURTS-cand-3_23-cv-00770-1.pdf (accessed: 03.06.2026)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шаривхан Ж., Сатыбалды Л., Колдасов Б.С., Османова Д.Б. Жасанды интеллект жүйелері келтірген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түйінді мәселелері. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):157-169. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-157-169

For citation:


Sharivkhan Zh., Satybaldy L., Koldassov B.S., Osmanova D.B. Civil liability for damage caused by artificial intelligence systems: key issues of legal regulation in the Republic of Kazakhstan. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):157-169. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-157-169

Қараулар: 10

JATS XML


ISSN 2959-4197 (Print)
ISSN 2959-4200 (Online)