Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу

Кәмелетке толмағандар арасындағы киберқұқықбұзушылықтарды алдын алудың әкімшілік-құқықтық тетіктері: салыстырмалы талдау

https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-234-246

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада цифрлық технологиялар дамыған жағдайда кәмелетке толмағандардың киберкеңістіктегі құқыққа қарсы мінез-құлқын болдырмауға бағытталған әкімшілік-құқықтық тетіктер талданды, қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді, халықаралық тәжірибенің әлеуеті мен оны ұлттық құқықтық жүйеге бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеуде салыстырмалы-құқықтық талдау, нормативтік құқықтық актілердің контент-талдауы және құқықтық модельдеу әдістері қолданылды. Авторлар Алматы қаласының орта мектеп инспекторларымен сұхбаттар жүргізіп, ата-аналар арасында онлайн сауалнама өткізді, ашық дереккөздерден алынған эмпирикалық деректерді талдады. Сауалнамалар мен сұхбаттар ата-аналардың балалардың цифрлық мінез-құлқы туралы хабардарлығы төмен екенін және мектептерде алдын алу шараларының жеткіліксіздігін көрсетті. Авторлардың ойынша, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық үйлестірудің әлсіздігі және ақпарат алмасудың формалды сипаты балалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде кәмелетке толмағандардың цифрлық ортадағы құқыққа қарсы әрекеттерін реттейтін арнайы нормалар жоқ екені анықталды. Осыған орай, кәмелетке толмағандардың кибер-құқықбұзушылықтар туралы нормаларды енгізу, мектептер мен құқық қорғау органдары арасында міндетті ақпарат алмасу тәртібін белгілеу, цифрлық сауаттылық пен кибергигиена бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және балалардың онлайн қауіпсіздігін мониторингтеу үшін ведомствоаралық тетіктерді қалыптастыру ұсынылады. Халықаралық тәжірибені Ұлыбританияның онлайн қауіпсіздік туралы заңы, Интернеттегі балалардың құпиялылығын қорғау туралы заңы, Еуропалық Одақтың деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенті талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандарды онлайн кеңістікте қорғаудың тиімді тәсілдері және оларды бейімдеу үлгілері айқындалды.

Авторлар туралы

A. К. Есенғазиева
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қазақстан

з.ғ.м., аға оқытушы 

Орал қ.



У. Х. Идресова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Атырау қ.



А. Б. Сақтаганова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
Қазақстан

PhD, аға оқытушы

Астана қ.



И. Ж. Aзретбергенова
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 2014 жылғы 5 шілде № 235-V. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235 (өтініш берілген күн: 12.04.2026)

2. Когамов М.Ч. Проблемы правового регулирования в сфере информационной безопасности // Юридический Вестник Казахстана. – 2015. – № 2. – С. 45–52.

3. Амандыкова А.М., Есентемирова А.А., Кусаинов Н. Некоторые вопросы предупреждения киберправонарушений среди несовершеннолетних: зарубежный опыт и необходимость для Казахстана // Вестник Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан. – 2021. – № 3. – С. 61–70.

4. Алаханов Е.О., Зарипов З.С. Предупреждение преступности: учебное пособие. – Алматы: НұрПресс, 2008. – 120 с.

5. Livingstone S., Third A. Children and Young People’s Rights in the Digital Age: An Emerging Agenda // New Media & Society. 2017. Vol. 19. No. 5. P. 657–670. DOI: 10.1177/1461444816686318.

6. Tallon K., Choi A. Protecting Children Online: Challenges and Emerging Trends // Journal of Cybersecurity. 2014. Vol. 1. No. 2. P. 123–135. DOI: 10.1093/cybsec/tyv004.

7. Council of Europe. Convention on Cybercrime (Budapest Convention), ETS No. 185. 2001. URL: https://pttcnetwork.org/event/cyberethics/ (accessed: 12.04.2026)

8. Brown A., Tisdale K. Cyber Safety and Digital Ethics: Strategies for Prevention. URL: https://pttcnetwork.org/event/cyberethics/ (accessed: 12.04.2025)

9. UK Parliament. Online Safety Act 2023. URL: https://www.legislation.gov.uk (accessed: 12.04.2026)

10. Federal Trade Commission. Children’s Online Privacy Protection Rule (COPPA). URL: https://www.ftc.gov/legal-library/browse/rules/childrens-online-privacy-protection-rule-coppa (accessed: 12.04.2026)

11. European Parliament and Council. Regulation (EU) 2016/679 (General Data Protection Regulation – GDPR). URL: https://eur-lex.europa.eu/eli/reg/2016/679/oj/eng (accessed: 12.04.2026)

12. Конвенцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан ұсынған және 2021 жылы тапсырылуы тиіс біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамалары. URL: https://documents.un.org/doc/undoc/gen/g24/198/51/pdf/g2419851.pdf (өтініш берілген күн: 12.04.2026)

13. Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңы. 2002 жылғы 8 тамыз № 345-II. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z020000345 (өтініш берілген күн: 12.04.2026)

14. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі. Ресми сайт. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd/press/news/1 (өтініш берілген күн: 12.04.2026)

15. Heins M. Digital Dangers: The Role of Law in Protecting Children Online. Oxford: Oxford University Press, 2022. 224 p.

16. UNICEF. The State of the World’s Children 2021: On My Mind – Promoting, Protecting and Caring for Children’s Mental Health. 2021. URL: https://www.unicef.org/reports/state-worlds-children-2021 (accessed: 12.04.2026)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Есенғазиева A.К., Идресова У.Х., Сақтаганова А.Б., Aзретбергенова И.Ж. Кәмелетке толмағандар арасындағы киберқұқықбұзушылықтарды алдын алудың әкімшілік-құқықтық тетіктері: салыстырмалы талдау. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):234-246. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-234-246

For citation:


Yessengaziyeva A.K., Idressova U.Kh., Saktaganova A.B., zretbergenova I.Zh. Administrative and legal mechanisms for the prevention of cyber offenses among minors: comparative analysis. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(2(15)):234-246. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-2-234-246

Қараулар: 9

JATS XML


ISSN 2959-4197 (Print)
ISSN 2959-4200 (Online)