МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Мақалада мемлекеттік сатып алу үдерісін жүзеге асыру барысында тапсырыс берушілер жиі жіберетін құқықтық қателіктер, олардың себептері, жауапты қызметкерлердің біліктілік талаптары, қателіктердің жіктелуі, сондай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану аспектілері мен олардың құқықтық салдары зерттеледі. Сонымен қатар, сатып алу рәсімдеріндегі кемшіліктерді талдау арқылы олардың алдын алу шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тапсырыс берушілермен жиі жасалатын типтік қателіктерді анықтау, олардың пайда болу факторларын талдау және осы қателіктерді азайтуға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу мен алдын алу шараларын ұсыну. Сонымен қатар, зерттеу барысында тапсырыс берушілердің жауапкершілігін күшейту және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыруға ықпал ететін тетіктерді анықтау көзделген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі тапсырыс берушілердің қателіктерін жүйелеуге және олардың себептерін анықтауға бағытталған кешенді талдаумен айқындалады. Ал практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін тапсырыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және сатып алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелік және құрылымдық әдістер, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге сараптамалық шолу қолданылды. Зерттеу нәтижелері тапсырыс берушілер жіберетін типтік қателіктер мен олардың мемлекеттік сатып алудың тиімділігіне тигізетін теріс әсерін анықтады. Бұл қателіктердің алдын алу мақсатында тапсырыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру тиімділігін күшейту және бақылау механизмдерін жетілдіру ұсынылады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды төмендету үшін мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғалардың кәсіби даярлығын жақсарту қажеттілігі атап өтіледі.
The present article for publication discusses the problems of of civil servants for violations of official discipline and ethics. The authors conducted an in-depth analysis of Kazakhstan and foreign legal literature and legislation regarding public service in the Republic of Kazakhstan. The article examines, from a comparative legal perspective, the positive experiences of foreign countries concerning the disciplinary liability of public servants working in the civil sector. The aim of the scientific research is to determine the theoretical aspects of specific terms and issues in this field, to identify internal contradictions, inaccuracies, gaps and other shortcomings in the legal regulation of these matters, and based on this, to propose concrete measures for overcoming them. The article was prepared using general and specific methods applied in scientific research. All this has allowed the authors to critically reflect on the stated issues and to develop some proposals for clarifying the formulations of certain terms in the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 23, 2015, “On the Civil Service of the Republic of Kazakhstan”, to supplement it with new concepts, as well as to provide other recommendations for improving this Law and subordinate regulatory legal acts in this sphere.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ҮРДІС
Мақала жедел цифрлық даму контекстінде жасанды интеллекттің құқықтық табиғаты мен реттелуін талдауға арналған. Мақалада Қазақстандағы, АҚШ-тағы, Еуропалық Одақтағы және Қытайдағы жасанды интеллектті құқықтық реттеу тәсілдері салыстырылады, олардың түбегейлі айырмашылықтары мен қиылысу нүктелері анықталады. Қазақстан Республикасының цифрлық кодексінің жобасына және жасанды интеллектті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына ерекше назар аударылады, бұл этикалық нормаларды, техникалық стандарттар мен құқықтық жауапкершілік тетіктерін біріктіретін тұтас құқықтық модель құру әрекетін көрсетеді. Мақалада ұлттық стратегияларда, нормативтік актілерде және этикалық декларацияларда көрсетілген реттеу философиясындағы айырмашылықтар ашылады. Жасанды интеллект жүйелерінің техникалық сипаттамаларын да, олардың дербестігі мен негізгі құқықтарға әсеріне байланысты тәуекелдерді де ескеретін икемді, бейімделгіш және көп деңгейлі құқықтық реттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Зерттеу нәтижелері декларативті нормалардан АИ құқықтық мәртебесін, алгоритмдерді сертификаттауды, этикалық аудитті, шешімдердің ашықтығын және жауапкершілікті бөлуді қоса алғанда, операциялық механизмдерге көшудің маңыздылығын көрсетеді.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҮРДІС
Мақалада Қазақстан Республикасында ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың теориялық және практикалық аспектілері қаралды. Авторлардың пікірінше, ұйымдасқан қылмыспен тиімді күресу үшін оны дер кезінде танып-біліп, бар екендігін анықтау қажет, себебі мұндай қылмыс жоғары латенттілікке ие және азаматтық қоғам мен мемлекетке дерлік көрінбейді. Ұйымдасқан қылмыстың осындай маңызды қыры – оның латенттілігі – терең ғылыми тұрғыда зерттелуі бұл құбылысқа жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыстың мәнін оның жасырын сипаты тұрғысынан қайта бағалауға жол ашады, сондай-ақ оны әдеттегі қылмыстан ажырата отырып, тану мен қарсы әрекет етудің жаңа әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысты латенттілік тұрғысынан қарастыру ғылыми ізденістер мен олардың апробациясына негізделген ұйымдасқан қылмыспен күрес процесінің құқықтық реттеу мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Ұйымдасқан қылмысты дер кезінде анықтау онымен тиімді күресті ерте кезеңде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде құқық қорғау органдары үшін түрлі тәуекелдерді және қылмыстық топтардың әрекетінен келетін ықтимал залалды азайтады. Мақалада қарастырылып отырған мәселе бойынша негізгі ғылыми гипотезалар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күресті оның жоғары латенттілігін ескере отырып жетілдіруге бағытталған нақты теориялық тұжырымдар мен ұсынымдар тұжырымдалған. Авторлар ұсынған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүйесіндегі жаңашыл тәсілдер Қазақстанда бұл бағыттағы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы қазіргі заманғы ұйымдасқан қылмыстың жоғары латенттілік деңгейіне ықпал ететін негізгі себептерді анықтау, оларды жүйелеу және бұл латенттілікті төмендетуге бағытталған құқықтық және институционалдық тетіктерді ұсыну.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚ
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы дербес деректерді қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары Еуропалық Одақтың Жалпы деректерді қорғау регламентімен (GDPR) салыстырмалы құқықтық талдау арқылы зерттеледі. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның құқықтық және институционалдық жүйесінде бірқатар кемшіліктер анықталды, атап айтқанда, мәжбүрлеу тетіктерінің шектеулігі мен құқықбұзушылықтардың алдын алуда әкімшілік айыппұлдардың жеткіліксіздігі. GDPR-дің экстерриториялық әсері, қатаң талаптары және жоғары санкциялары оның жаһандық ықпалын арттырады. Кейстік зерттеулер, сараптамалық есептер мен тәжірибелер негізінде құқықтық жауапкершілікті күшейту, мемлекеттің қадағалау функцияларын жетілдіру және тиімді мәжбүрлеу механизмдерін құру қажеттілігі атап өтіледі. Мақалада цифрлық егемендіктің маңызы мен халықаралық стандарттарды Қазақстан заңнамасына интеграциялау мәселесіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, GDPR қағидаттарына жақындап келе жатқан отандық корпоративтік тәжірибелер, мысалы, Air Astana компаниясының тәжірибесі талданады. Мақала міндетті түрде деректердің бұзылуы туралы хабарлау рәсімдерін енгізу және бақылаушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заңнамалық реформалар сияқты нақты саясаттық ұсыныстармен қорытындыланады. Бұл шаралар Қазақстанда дербес деректерді басқарудың ашық, қауіпсіз және құқыққа негізделген тәсілін қалыптастыру үшін маңызды.
Қазақстанның декарбонизация міндеттері мен тұщы су тапшылығы тұзсыздандырылған теңіз суы мен тазартылған ағынды суды «жасыл» сутегі өндіруге тарту қажеттілігін алға шығарады. Зерттеу нормативтік олқылықтарды анықтап, нетрадициялық су ресурстарын электролизерлерде пайдалану процестерін реттейтін құқықтық тетіктерді ұсынуға бағытталған. Жұмыс су және энергетика салаларын үйлестіре отырып, реттеу кемшіліктері саланың өсуін тежей алатынын айқындайды. Әдістемеге қазақстандық су, экологиялық және энергетикалық заңнаманы салыстырмалы-құқықтық талдау, стратегиялық құжаттарды мазмұндық зерделеу және оларды ЕО, Аустралия мен Жапония тәжірибесімен салыстыру кіреді. Нәтижелер «дәстүрлі емес» су үшін лицензиялау, сапа стандарттары және мониторинг міндеттері жоқтығын көрсетіп, Су кодексіне түзетулер, сараланған экологиялық стандарттар және екінші реттік суды қолданатын жобаларға салықтық ынталандырулар ұсынады. Ұсынылған құқықтық модель су жүктемесін де, көміртек ізін де қатар қысқартады. Тұжырымдар министрліктерге, инвесторларға және әкімдіктерге сутегі хабтарын жобалау, «жасыл» сертификаттар шығару және отандық отынды халықаралық нарыққа ілгерілету ісінде көмектесетін тиімді стратегиясын ұсынады.
ISSN 2959-4200 (Online)