1960 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, қазіргі Сарыбел (бұрынғы Ново-Тимофеевка) ауылында дүниеге келген.
Үйленген, бір қызы және бір ұлы бар.
Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары, мамандығы – заңгер.
Білімі:
- 1977–1981 жж. – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, «құқықтану» мамандығы (қызыл дипломмен бітірген).
- 1982–1985 жж. – КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасы, Мәскеу қ. (мамандығы: 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы).
- Ғылыми дәрежесі мен атағы: заң ғылымдарының докторы (2007 ж.), профессор (2008 ж.).
Еңбек өтілі: 40 жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар.
- 1985–1991 жж. – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
- 1991 ж. сәуір – 1992 ж. қазан аралығында – ҚР ІІМ кадр және оқу орындары Бас басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
- 1992 ж. қазан – 2001 ж. ақпан аралығында – ҚР ІІМ оқу орындары басқармасының бастығы, сонымен қатар кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары.
- 2001–2007 жж. – ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің оқу ісі жөніндегі бастығының орынбасары.
- 2008 ж. ақпан – 2010 ж. желтоқсан аралығында – ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай академиясының оқу ісі жөніндегі бастығының орынбасары.
- 2010 ж. желтоқсан – 2011 ж. қараша – Орталық Азия университетінің заң факультетінің деканы.
- 2011 ж. қараша – 2012 ж. қаңтар – Орталық Азия университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
- 2012 ж. қаңтар – 2013 ж. шілде – Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
- 2013 ж. шілде – 2014 ж. қыркүйек – Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің заң пәндері кафедрасының профессоры.
- 2014 ж. қыркүйек – 2015 ж. шілде – Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.
- 2015 ж. қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін – «Тұран» университетінің құқық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры.
- 2017 ж. сәуірден бастап – қосымша түрде «Тұран» университеті жанындағы Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры.
- 2024 ж. қыркүйектен бастап – «Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің зерттеуші профессоры.
Ғылыми-педагогикалық қызметі:
Магистратура мен докторантурада қылмыстық құқық пен криминологияның өзекті мәселелері бойынша арнайы курстар оқиды, Қазақстан мен Ресейде өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады.
450-ден астам ғылыми жарияланымның, монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. WoS және Scopus базаларында 21 мақала жарияланған.
Ғылыми қызығушылықтары:
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, оның экономикалық қылмыспен байланысы, кәмелетке толмағандардың қылмысы, кәсіби және қайталанатын қылмыстар, экономикалық қауіпсіздік, қылмыстық жазаларды тиімді орындау мәселелері.
Біліктілікті арттыру:
- 2018 ж. 28 сәуір – 11 мамыр аралығында Жапонияның Цукуба университетінде «Жапониядағы жоғары білімді интернационализациялау тәжірибесі мен мәселелері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы.
- 2018 ж. 21 қазан – 4 қараша аралығында Германияда «Еуропалық құқық тәжірибесі. ЕО шеңберіндегі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар. Германиядағы азаматтық және қылмыстық құқық» атты 72 сағаттық курс (Дюссельдорф қаласы).
- 2019 ж. 22 желтоқсан – 2020 ж. 4 қаңтар аралығында Германияда «Германияның қылмыстық құқығы: білім беру және құқық қолдану тәжірибесі» бағдарламасы бойынша екі апталық тағылымдамадан өтті.
Қазақстанның білім беру орталықтарында жыл сайын құқық мамандықтары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Ғылыми жетекшілік:
- 2022–2024 жж. – «Тұран» университетінің PhD дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы.
- Бакалаврлар, магистранттар және докторанттарға ғылыми жетекшілік жасайды.
- 2019–2024 жж. аралығында оның жетекшілігімен 10 докторант PhD дәрежесін сәтті қорғады.
Ғылыми жобалар:
- «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында қазақстандық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері (1-кезең)» атты ғылыми жобаның бөлімдерін басқарады (2022–2026):
- Құқықтық мемлекет пен қоғамды демократияландыру жағдайында қылмыстық жазалардың тиімділігін арттыру мәселелері
- Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелері
Гранттық жобалар:
- ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру байқауларына 2017–2024 жылдары 10 өтінім дайындады және ұсынды.
- 2024 жылы Акимжанов Т.Қ. ғылыми жетекшілігімен ИР BR249004/0224 бағдарламасы бойынша «Ішкі істер органдарында есірткі құралдарының байланыссыз таралуын анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатындағы жедел-іздестіру қызметін зерттеу» тақырыбы жеңімпаз атанды.
Авторлық құқық:
15 авторлық куәлігі бар.
Марапаттар:
- 1999 ж. – «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталды
- 2000 ж. – ҚР ІІМ Құрмет грамотасы және медальдар
- 2010 ж. – ҚР Әділет министрінің Құрмет грамотасы
- 2017 ж. – ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» гранты
- 2018 ж. – «Тұран» университетінің «Үздік ғалымы»
- 2020 ж. – ҚР БҒМ Алғыс хаты
- 2021 ж. – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі
- 2021 ж. – «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісі
- 2022 ж. – ҚР ЖОО Ассоциациясының Құрмет грамотасы
- 2023 ж. – Республика күніне орай ҚР Әділет министрінің Құрмет грамотасы