Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы әкімшілік-құқықтық тетіктер
https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-178-191
Аңдатпа
Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуда қолданылатын әкімшілік-құқықтық тетіктердің тиімділігі кешенді түрде талданады. Балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың таралу жиілігі, оның әлеуметтік тұрғыдан қауіпті салдары және оларды болдырмауда әкімшілік құқық құралдарының рөлі қарастырылады. Қолданыстағы әкімшілік жауаптылық жүйесінің алдын алу әлеуетіне ерекше назар аударыла отырып, айыппұл, қамаққа алу мен ескертулер сияқты әкімшілік жазалардың құқық бұзушылықтарды болдырмауда төмен тиімділігін ақтап көрсетеді. Зерттеу көрсеткендей, әкімшілік жазалар көбінесе формаль ды сипатта болып, құқық бұзушылардың мінез-құлқына нақты әсер етпейді және қайталанатын құқық бұзушылықтарды болдырмауға жеткіліксіз. Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасайтын адамд арға қолданылатын әкімшілік шаралардың жеңілдігі олардың заң алдындағы жауаптылық сезімін әлсіретіп, қылмыстардың қайталануына ықпал етеді. Қайталанатын немесе жүйелі құқықбұзушылықтарға қатысты қатаң әкімшілік шаралардың сирек қолданылуы құқық қорғау тәжірибесінің өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді. Қолданыстағы әкімшілік заңнама нормалары және құқық қолдану тәжірибесі жанжақты зерделеніп, олардың халықаралық құқықтық стандарттармен, соның ішінде бала құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық шарттармен сәйкестігі қарастырылады. Баланың құқықтары мен заңды мүдделер ін қорғау қағидатының әкімшілік өндірісте жеткілікті деңгейде іске аспайтыны дәлелденді. Зерттеу соңында әкімшілік жауаптылық институтын жетілдіру қажеттілігі айқындалып, кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған әкімшілік-құқықтық шараларды күшейту жайлы ұсыныстар берілді. Әсіресе, әкімшілік санкцияларды дифференциациялау, қайталанатын құқықбұзушылықтар үшін жауап тылықты қатаңдату, алдын ала есепке қою тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ баланың мүддесін басым қою қағидатын құқық қолдану тәжірибесіне нақты енгізу қажеттілігі негізделеді.
Авторлар туралы
К. А. ЕрнишевҚазақстан
Ернишев К.А., з.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Тараз қ.
М. А. Еликбай
Қазақстан
Еликбай М.А., з.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Шымкент қ.
(ORCID ID: 0000-0002-3679-2365)
Г. Шахаева
Қазақстан
Шахаева Г., құқық магистрі, оқытушы,
Ақтау қ.
Э. Б. Аблаева
Қазақстан
Аблаева Э.Б., з.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. 2021 жылға арналған «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (өтініш берілген күн: 31.12.2025)
2. 2022 жылға арналған «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (өтініш берілген күн: 31.12.2025)
3. 2023 жылға арналған «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (өтініш берілген күн: 31.12.2025)
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 73-VIII ҚРЗ Заңы. URL: https:// adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000073 (өтініш берілген күн: 11.11.2025)
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000112 (өтініш берілген күн: 11.11.2025)
6. 2024 жылға арналған «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (өтініш берілген күн: 31.12.2025)
7. 2025 жылға арналған «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (өтініш берілген күн: 31.12.2025)
8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 155-VIII ҚРЗ Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000155 (өтініш берілген күн: 30.11.2025)
9. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000748 (өтініш берілген күн: 30.11.2025)
10. Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын (құқық бұзушылық профилактикасы саласында) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1233 қаулысы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300001233 (өтініш берілген күн: 30.11.2025)
11. Редкоус В.М. Вопросы профилактики насилия в семье и их отражение в концептуальных документах обеспечения общественной безопасности (на примере Республики Казахстан) // Государственная служба и кадры. – 2024. – № 1. – С. 107–110.
12. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің жағдайын талдау: 2024. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы Өкілдігінің есебі. URL: https://www.unicef.org/kazakhstan/media/13631/file/2025%20SitAn_Summary%20report_final_Rus%20(21%20Sept%202025).pdf. (өтініш берілген күн: 30.11.2025)
13. «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ұлттық баяндама / Б.К. Туреханова, М.К. Хасенов, Ж.Ж. Арғынбаева, А.Г. Кусманова, А.Б. Иманқұл, А.Т. Дюсенова, Г.Е. Утеулина, Б.К. Ермекбаева, З.С. Әскербек, А.М. Картова, А.Е. Мухаметкалиева. – Астана қ.: Indesign studio, 2025. – 300 б.
14. Standen J. Domestic violence and abuse in primary care // InnovAiT: Education and inspiration for general practice. 2022. Vol. 15. No. 9. P. 532–538. DOI: 10.1177/17557380221106236
15. Schucan Bird K., Stokes N., Rivas C., Tomlinson M., Delve M., Gordon L., Gregory A., Lawrence K., O’Reilly N. Training Informal Supporters to Improve Responses to Victim Survivors of Domestic Violence and Abuse: A Systematic Review // Trauma, Violence, & Abuse. 2024. Vol. 25(2). P. 1568–1584.
16. Cuartas J., Salazar A., Backhaus S., Little M.T., McCoy D., Yoshikawa H., Bass M., Metheny N., Knaul F. Strategies to Prevent Violence Against Children in the Home: A Systematic Review of Reviews // Trauma, Violence, & Abuse. 2024. Vol. 25(4). P. 3419–3433. DOI: 10.1177/15248380241247018
17. Акимжанов Е.С. О перспективах оценивания вероятности повторного совершения домашнего насилия: международный опыт административно-правовой защиты // Труды Академии управления МВД России. – 2023. – № 1 (65). – С. 138–144.
18. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000028_ (өтініш берілген күн: 05.12.2025)
19. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексi. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 (өтініш берілген күн: 05.12.2025)
20. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235 (өтініш берілген күн: 30.11.2025)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ернишев К.А., Еликбай М.А., Шахаева Г., Аблаева Э.Б. Кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы әкімшілік-құқықтық тетіктер. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):178-191. https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-178-191
For citation:
Ernishev K.A., Yelikbay M.A., Shakhaeva G., Ablaeva E.B. Administrative and legal mechanisms for preventing violence against minors. Eurasian Scientific Journal of Law. 2026;(1(14)):178-191. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-4197-2026-1-1-178-191
JATS XML
