Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (9) (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

7-12 73
Аннотация

Мақала кепілге алу және дәлме дәл, нақты келіссөздер жүргізудің даулы мәселелеріне арналған. Онда келіссөз жүргізушіге қойылатын шарттар, оның психологиялық тұрғыдан дайындығы және кез келген жағдайларда келіссөздер жүргізу дағдылары қарастырылады. Сондай-ақ, келіссөз жүргізудің түрлі модельдері ұсынылады. Кепілге алу және ұрлау террористік әрекеттің ең қауіпті түрлерінің бірі болып қала береді [1, 391 б.]. Кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі арнайы операцияның сәтті және тиімді болуы бірқатар факторларға байланысты екені белгілі. Олардың арасында мамандардың пікірінше, келіссөздер жүргізу маңызды болып табылады. Сонымен қатар, келіссөз жүргізушінің рөлі ерекше, өйткені арнайы операцияның нәтижесі көбінесе қылмыстан толық бас тартуға байланысты (тиісінше, кепілге алынғандарды босату және террористерді бейтараптандыру бойынша терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыратын арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің де өмірін құтқару) екінші жағынан, жоғарыда аталған адамдарға ең аз зиян келтіретін әдіс. Келіссөз жүргізушіге қойылатын талаптардың ішінде оның жеке басының сипаттамалары мен қабілеттеріне қойылатын шарттардың тұтас жүйесін дайындау өзекті мәселе екендігіне шүбәміз жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, бұл тезистің дәлелі кепілге алумен байланысты қылмыстарды жариялау үрдісі болып табылады. Бүгінгі таңда құқықбұзушылық сипатындағы қылмыстардан құқық қорғау күштерінен қашып кетуге тырысатын адамдардың амалы жоқтықтан, ауқымды террористік актілерге дейін өз еліндегі және шетелдегі әлеуметтік-саяси жағдайға әсер ету үшін кепілге алу әрекетінің ауқымы өсуде. Сот төрелігінен қашу мақсатында кепілге алушының қойған шарттары қысқа уақыт ішінде орындалуы мүмкін емес талаптар болып көрінеді.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ҮРДІС

13-18 68
Аннотация

Мақалада зерттелетінматериалдыжәнефилолог пен психологтың құзыреттілік салаларын ескере отырып, сот филологиялық сараптамасына психология-филологиялық сараптама мәртебесін берудің орынсыздығы туралы мәселе қозғалады. Автор адресатты ақпараттық материалдардың семантикалық мазмұнын талдауға психологтарды міндетті түрде тарту туралы ресейлік ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтағы пікірталастардың мазмұнымен таныстырады, сот сараптамаларының қазақстандық классификациясындағы сот филологиялық сараптаманың орнын қайта қарау қажеттілігі туралы мәселе қояды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҮРДІС

19-29 61
Аннотация

Бұл зерттеуде қылмыстық қудалауда жасанды интеллекттің қолданылуы мен салдары зерттеледі. Аталған мәселе қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қылмыстық қудалауда жиі қолданып жатқан Қазақстан контекстінде қарастырылған. Бет-әлпетті тану, болжамды полиция және ақылды қала инфрақұрылымдары сияқты жасанды интеллект әдістері қылмыстың алдын алу және қудалау үшін кең мүмкіндіктер ұсынғанымен, бұл әдістер күрделі құқықтық және этикалық дилеммаларды тудырады. Бұл жұмыста аталған әдістерді халықаралық адам құқықтары нормаларымен және мемлекеттік заңнамалық кепілдіктермен сәйкестендіруге баса назар аудара отырып, Қазақстанның құқық қорғау процедураларына жасанды интеллект интеграциясының дәрежесін бағалауға бағытталған. Қазақстанның заңнамалық базасын сыни талдау нәтижесінде жасанды интеллект бақылауын реттеуде, әсіресе құпиялылық пен ашықтыққа қатысты елеулі олқылықтар анықталды. Бұл зерттеуде олқылықтарды шешу үшін жаһандық прецеденттер және этикалық негіздемелер пайдаланады және Қазақстанның бірегей әлеуметтік-саяси контекстіне тән практикалық бағдар бойынша ұсыныстар беріледі. Бұл зерттеудің нәтижелері қауіпсіздікті азаматтық бостандықтармен теңестіру үшін тәуелсіз қадағалау органдары мен деректерді қорғау туралы заңдар сияқты сенімді құқықтық кепілдіктердің қажеттілігін көрсетеді. Қазақстандық көзқарасты жасанды интеллект этикасы мен қадағалауы туралы кеңірек пікірталас аясында орналастыра отырып, бұл зерттеу технологиялық прогресті және адам құқықтарын қорғауды қолдайтын жасанды интеллект саясатын әзірлеуге құнды түсініктер береді. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы жасанды интеллектпен күшейтілген полиция қызметі дәуірінде қоғамдық қауіпсіздік пен жеке бостандықтар арасындағы нәзік тепе-теңдікті басқаруға ұмтылатын саясаткерлерге, ғалымдарға және адам құқықтарын қорғаушыларға таралады.

30-38 56
Аннотация

Ғылыми білім ретінде криминалистика әдіснамасын қалыптастыру

Бұл мақалада ғылыми білім ретінде криминалистика әдіснамасының қалыптасуы көрсетілген. Криминалистика әдіснамасының қалыптасуының негізгі кезеңдері қарастырылады, ол бірінші кезекте пән,міндеттер, объектілер, ғылыми білімді дамыту принциптері сияқты ұғымдарды анықтауды қамтиды. Мақала 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде ұсынылған (ҚР МҒМ) «ИРН: AP23485634 мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қазақстандық пенитенциарлық жүйені заманауи трансформациялау».

39-43 63
Аннотация

Бұл мақалада туризм саласындағы құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері, олардың құқықтық және әлеуметтік ерекшеліктері талданады. Туризм саласында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға алаяқтық, тұтынушылардың құқықтарын бұзу, заңсыз туризм қызметін көрсету, табиғи және мәдени мұраларды бүлдіру сияқтыәрекеттержатады. Мұндай құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарығана емес, әлеуметтік әсерлері де маңызды. Олар қоғамда сенімсіздік тудырып, туристік бағыттардың тартымдылығын төмендетуі мүмкін. Мақалада бұл мәселелердің шешу жолдары мен алдын алу тетіктері қарастырылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚ

44-51 57
Аннотация

Binance қызметі цифрлық активтер алмасуды реттеудің жаһандық нормаларын әзірлеуге айтарлықтай әсер етеді. Компания тиімді нормативтік актілерді әзірлеу үшін өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісе отырып, реттеуші органдармен пікірталастарға белсенді қатысады. Binance пайдаланушылардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін және блокчейн технологиясының инновацияларына ықпал ететін халықаралық стандарттарды белгілеудің маңыздылығын атап көрсетеді. Демек, Binance бүкіл әлем бойынша реттеушілермен инновациялар мен ынтымақтастықты ынталандыра отырып, нормативтік стандарттарға сәйкес келуге ұмтылып, цифрлық активтерді айырбастауды заңдастырудың негізгі ойыншысы болып табылады. Бұл мақалада біз мысал ретінде Binance-ті қолдана отырып, цифрлық активтерді айырбастау операцияларын реттейтін негізгі құқықтық принциптерді қарастырамыз. Авторлар бұл мақалада Binance айналасында жүргізіліп жатқан нақты сот істерін қарастырады. Авторлар сонымен қатар Binance Global және Binance Kazakhstan арасындағы құқықтық реттеуге салыстырмалы талдау жүргізеді.

52-58 39
Аннотация

«Заңсыз иемденілген активтерді қайтару саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерімен олардың тиімділігін талдау»мақаласында халықаралықжәне өңірлік конвенцияларды, сондай-ақ өзара құқықтық көмек туралы екіжақты шарттарды қоса алғанда, заңсыз иемденілген активтерді қайтару саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері қарастырылады. Мақалада активтерді қайтару тетіктерінің болуы, құқықтық көмек туралы сұрау салуды жіберу кезінде оларға тікелей жүгіну мүмкіндігі және олардың активтерді нақты қайтаруды қамтамасыз етудегі тиімділігі тұрғысынан осы құқықтық құралдардың мазмұнына талдау жасалды.



ISSN 2959-4197 (Print)
ISSN 2959-4200 (Online)