Preview

Eurasian Scientific Journal of Law

Кеңейтілген іздеу
№ 3(12) (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

7-16 11
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің қолданыстағы нормативтік құқықтық базасына жан-жақты талдау жүргізілген. Авторлар норма шығару процесін реттейтін негізгі заңнамалық актілерді зерттейді, ішкі қайшылықтарды, олқылықтарды және институционалдық кедергілерді анықтайды. Заңнамалық жүйенің тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарына сәйкестік дәрежесін бағалауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, норма шығаруды, цифрландырудың ағымдағы жай-күйі, негізгі сын-қатерлер – құқықтық, этикалық және техникалық, сондай-ақ заңнаманы талдауды, әзірлеуді, қоғамдық талқылауды және мониторингті автоматтандыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану перспективалары қаралады. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған мәселелерді жою және заң шығару процесінің сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар, атап айтқанда Қазақстандағы заң шығару процесін трансформациялаудағы жасанды интеллектті (ЖИ) қоса алғанда, цифрлық технологияларды енгізу, ашық басқару және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын ескере отырып, ЖИ интеграциясы бойынша ұсыныстар ұсынылды. Ұсынылған ұсынымдар елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, оның ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделуін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтуға бағытталған.

17-26 14
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының салық органдары тарапынан бизнестің мәмілелерін жарамсыз деп тану арқылы ҚҚС пен ККП бойынша шегерімдерді алып тастауға бағытталған талаптары қарастырылады. Салық органдарының мұндай талаптарды негіздеудегі құқықтық дәлелдері мен қолданылатын азаматтық және салық заңнамасының нормалары талданады. Электрондық шот-фактуралар жүйесінің (ЭСФ Жүйесі) салықтық бақылау құралындағы рөліне ерекше назар аударылып, оның көмегімен бизнес операцияларын қашықтықтан талдау мүмкіндігі сипатталады. Автор мұндай талаптардың инвестициялық ахуалға теріс әсерін атап көрсетіп, салық органдарының дәлелдемелеріндегі жиі кездесетін құқықтық кемшіліктерге тоқталады. Мақалада кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін ұсынылатын нақты қадамдар берілген: құжаттық дәлелдемелер жинау, куәгерлермен жұмыс, құқықтық ұстанымды қалыптастыру. Салық және азаматтық қатынастарды ажырату қажеттілігі де атап өтілген. Қорытындыда кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мен олардың құқықтарын қорғауды күшейту жолдары ұсынылады аударылады.

27-40 14
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы исламдық сақтандыруды дамытудың құқықтық мәселелері қарастырылады. Исламдық сақтандырудың теориялық негіздері, оның дәстүрлі сақтандырудан айырмашылықтары жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы исламдық сақтандырудың қолданыстағы құқықтық базасын сараптап, оны жетілдірудің тетіктерін анықтау. Негізгі зерттеу бағыттары: исламдық сақтандырудың теориялық негіздерін қарастыру, ұлттық заңнамадағы олқылықтарды айқындау, шариғат стандарттарын енгізу жолдарын талдау және халықаралық тәжірибені бейімдеу. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Қазақстандағы исламдық сақтандыруды дамытудың құқықтық мәселелерін кешенді түрде талдаумен айқындалады. Ал практикалық маңыздылығы исламдық сақтандырудың құқықтық негіздерін жетілдіру арқылы қаржы нарығын әртараптандыруға және халықтың ислам қағидаттарына сай қаржылық қызметтерге қол жеткізуін кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық талдау, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, халықаралық тәжірибені зерттеу және жүйелі-құрылымдық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы исламдық сақтандыруды дамытудың негізгі құқықтық кедергілерін анықтады. Олар: арнайы заңның жоқтығы, шариғат стандарттарының бірізді еместігі, салықтық және бухгалтерлік реттеу ерекшеліктері болып табылады. Сонымен қатар, заңнамалық өзгерістер енгізу, шариғат кеңесінің мәртебесін күшейту және халықаралық стандарттарды енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

41-50 9
Аңдатпа

Қоғам өмірінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу цифрландырудың ұлттық заңнама жүйесіне енуінің жеке аспектілерін зерттеуді қажет етеді. Цифрландырудың осы салаға әкелетін оң әсерлеріне, бір жағынан, ұлттық заңнамалық базаны оңтайландыру, екінші жағынан, құқықтық жүйені цифрландыру және оның ашықтығын, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыратын құқықтық қызметте инновациялық технологияларды пайдалану процестері жатады. Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстанның ұлттық құқығы саласының негізгі проблемалары мен келешегін ашу, сондай-ақ цифрлық трансформациялар жағдайында құқықтың жекелеген салаларының дамуының негізгі тенденцияларын анықтау. Зерттеу барысында талдау және синтез, статистикалық талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Осы мақаланың нәтижелері Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасындағы құқықтық цифрландыруға қатысты негізгі жаңалықтардың сипаттамасын қамтиды. Құқықтық қайта құру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары зерделенді. Жүргізілген зерттеулердің тұжырымдалған нәтижелері негізінде цифрландыру жағдайындағы ұлттық құқықтың негізгі міндеттері мен келешегі айқындалып, құқықтың жекелеген салаларын одан әрі дамытудың бағыттары айқындалды. Жоғарыда аталған зерттеу нәтижелері цифрлық трансформациялар контекстінде ұлттық заңнаманы трансформациялауға қатысты олардың шешімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік басқару саласында қолданылуы мүмкін.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ, АЗАМАТТЫҚ ҮРДІС

51-60 37
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы еңбек тәртібі және тәртіптік жауапкершілікке қатысты құқықтық нормалар теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты сараланады. Зерттеудің мақсаты – еңбек тәртібі мен тәртіптік жауапкершілік институттарының мазмұны мен құқықтықтабиғатын ашу, олардың құқық қолдану практикасына ықпалын бағалау, сондай-ақ еңбек құқықтарын реттеудегі құқықтық олқылықтар мен нормативтік қайшылықтарды анықтау болып табылады. Авторлар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің тиісті нормаларына терең құқықтық талдау жүргізу арқылы олардың құқықтық техникасын, тиімділігін және құқықтық айқындығын бағалайды. Сонымен қатар, еңбек тәртібін бұзу және тәртіптік жаза қолдану рәсімдеріндегі артық формалдылықтар мен құқықтық кемшіліктерге назар аударылады. Зерттеу нәтижелері ұлттық еңбек заңнамасын халықаралық еңбек құқықтарының жалпыға танылған стандарттарымен үйлестірудің маңыздылығын айқындай отырып, құқық қолдану тәжірибесін жүйелеу және жетілдіру қажеттігін негіздейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру арқылы еңбек қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деңгейін көтеру қажеттігін дәлелдеумен айқындалады.

61-70 12
Аңдатпа

Мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыстардың (немесе көрсетілген қызметтердің) актілерінің құқықтық тұрғыдан маңызды мәнге ие, себебі ол жұмыстардың (қызметтердің) орындалғанын және шартта көзделген тараптардың міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат болып табылады. Мақалада мұндай актілердің Қазақстан Республикасы сот тәжірибесіндегі құқықтық мәртебесі қарастырылады, онда олар жұмыстың (қызметтің) нақты орындалуын куәландыратын ресми құқықтық құжат ретінде талданады. Орындалған жұмыстардың актілерінің құқықтық реттеу механизмі азаматтық құқықтың негізгі қағидаттарымен, атап айтқанда, тараптардың міндеттемелерін сақтау және бұзылған құқықтарды қорғау қағидаларымен тығыз байланысты. Алайда мұндай актілердің құқықтық табиғаты талқылау нысаны болып қалып отыр, себебі Қазақстан сот тәжірибесінде орындалған жұмыстардың біржақты актілерінің жарамды деп танылу мәселесінде әртүрлі тәсілдер байқалады. Бір жағынан, акт міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қабылдануы мүмкін, екінші жағынан – тараптар үшін құқықтық салдарлар туындататын мәміле ретінде бағалануы ықтимал. Ерекше назар жұмыстардың орындалу фактісін дәлелдеуге және тиісті құжаттарды ресімдеуге қатысты мәселелерге аударылады. Мақалада орындалған жұмыстардың актілерінің тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға әсері, олардың сот дауларында дәлелдеме ретінде қолданылуы, сондай-ақ мұндай актілердің құқық қолдану тәжірибесіндегі рөлі талданады. Орындалған жұмыстардың актілерінің құқықтық мәртебесі бойынша нақтырақ құқықтық реттеу қажет, өйткені бұл құжатқа қатысты құқықтық анық еместікті жою даулардың алдын алу үшін маңызды.

71-78 12
Аңдатпа

Мақалада  Қазақстан  Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу жүйесіндегі бала асырап алу институты на кешенді ғылыми-құқықтық талдау  жасалады.  Асырап алу тек асырап алушы мен баланың арасындағы туыстық қатынасты орнататын құқықтық акт ретінде ғана  емес, сондай-ақ ата-ана    қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды  әлеуметтік бейімдеудің бір нысаны ретінде қарастырылады. Зерттеу бала асырап алудың тек материалдық-құқықтық емес, сонымен қатар ерекше іс жүргізу аясында тек сот тәртібімен жүзеге асырылатын процестік аспектілерін де қамтиды. 2020–2024 жылдар аралығындағы заңнама, сот тәжірибесі, статистикалық мәліметтер мен ғылыми көздерді талдау негізінде асырап алуға байланысты     негізгі мәселелер, соның ішінде жалған (фиктивті) асырап алу жағдайлары анықталған. Зерттеуде мүдделі тұлғалардың құ қықтық мәртебесі, даулы жағдайлардың жіктелуі, сондай-ақ асырап алу туралы шешімдерді жарамсыз деп тануға қатысты заңнамалық олқылықтар ерекше назарға алынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде авторлар жалған асырап алуды асырап алуды жарамсыз деп танудың дербес негізі ретінде қарастыратын авторлық тұжырымды ұсынады. Мақалада қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілген: «Неке (ерлі-зайыптылық) және  отбасы туралы» кодекске арнайы бап енгізу, мүдделі тұлғалардың өкілеттіктерін нақтылау, асырап алғаннан кейінгі бақылау тәртібін заңнамалық тұрғыда бекіту. Авторлар сот бақылауын күшейту,    балалардың құқықтарын қорғау және теріc пайдалануды болдырмау мақсатында кешенді заңнамалық реформалардың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.

79-90 10
Аңдатпа

Мақалада барлық елдер үшін классикаға айналған жария тәртіп туралы ескертудің материалдық және процессуалдық аспектілері қарастырылады. Осы ескертуді қолдану мемлекеттің сот органдарына дауларды шешу жөніндегі мемлекеттік емес органның шешімін заңсыз деп тануға немесе арбитраждың актісін танудан бас тартуға негіз береді; немесе мұндай іс жүргізу құжаттары бойынша атқару парағын беруден бас тартуға құқылы. Тақырыптың өзектілігі төрелік талқылауға қатысушылардың төрелік шешімдерді қабылдау үшін атқару парақтарын беру туралы өтініштерінің көбеюімен және төрелік шешімдердің күшін жою туралы өтініштердің көптігімен түсіндіріледі. Ғылыми мақаланың мақсаты «жария тәртіп» феноменін оның тарихи, доктриналық және практикалық аспектілерінде қарастыру, жария тәртіп туралы ереженің кешенді құқықтық анықтамасын тұжырымдау мүмкіндігін анықтау. Ғылыми зерттеу әдістері ретінде танымның жалпы диалектикалық әдістері де, ғылыми зерттеудің арнайы құқықтық әдістері де қолданылады. Тақырыптың жаңашылдығы Қазақстанның қазіргі құқық әдебиеттерінде жария тәртіп мазмұнының құқықтық табиғаты, оның құқықтық анықтамасы туралы ғылыми жарияланымдардың жоқтығымен; сот тәжірибесінде жария тәртіп туралы ережелерін қолдану мысалдарын қарастырумен негізделеді. Зерттеудің негізгі қорытындылары «жария тәртіп» терминін сот органдарының әрбір жағдайда жеке бағалау қажеттілігін тануы болып табылады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҮРДІС

91-99 9
Аңдатпа

Шахтадағы апаттарға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жоспарлау тергеу жұмысын тиімді ұйымдастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл оқиғаның мән-жайын жедел, объективті және жан-жақты анық тауға ықпал етеді, сонымен қатар ұйымдастырушылық және бірінші кезектегі тергеу шараларының оңтайлы жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл мыналарды қамтиды: тергеу міндеттерін дереу тұжырымдау; қылмыстық сипаттағы апат себептерінің нұсқаларын ұсыну және тексеру; оларды тексерудің әдістері мен тактикасын әзірлеу; ғылыми-техникалық құралдар мен ұтымды тактикалық шешімдерді кеңінен қолдану. Жұмыста жоспар құру кезінде қажетті тергеу әрекеттерінің алгоритмін құруға; тау-кен техникалық сараптамасын жүргізу ерекшелігіне; шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық персонал өкілдерінен жауап алуға ерекше назар аударылады. Жүргізілген талдау негізінде авторлар тау-кен кәсіпорындарындағы апаттарды тергеу әдістерін жетілдіру және жоспарлау бойынша нақты шараларды ұсынады.

100-110 9
Аңдатпа

Мақалада жекеменшік детективтердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен функциялары қарастырылады, сон дай-ақ олардың қызметімен байланысты адам құқықтарының бұзылу тәуекелдері талданады. Көптеген елдерде жекеменшік іздестіру институты заңмен реттелетіні, және жекеменшік детективтер клиенттердің тапсырмасы бойынша ақпарат жинау қызметімен айналысып, құқық қорғау органдарының жұмысын то лықтыратыны атап өтіледі. Сонымен қатар, құқықтық реттеудің нақты болмауы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, әсіресе жеке өмірге қол сұқпау құқығының бұзылуына алып келуі мүмкін. Бұл зерттеудің мақсаты – жекеменшік детективтердің қызметіндегі адам құқықтарына төнетін қауіптерді анықтап, Қазақстан Республикасында олардың құқықтық мәртебесін нормативтік тұрғыда реттеу қажеттігін негіздеу. Жекеменшік іздестіру қызметін құқықтық реттеудің шетелдік тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізіліп, Қазақстандағы қолданыстағы құқықтық вакуум бағаланған. Зерттеу нәтижесінде жекеменшік детективтер туралы арнайы заң қабылдаудың қажеттілігі мойындалғанына қарамастан, Қазақстанда мұндай заңнаманың әлі қабылданбағаны анықталды. Авторлар клиенттердің ақпарат алуға деген мүдделері мен қоғамдық мүд делер мен адам құқықтарын қорғау қажеттілігін теңестіру үшін құқықтық негіз құрудың маңыздылығын дәлелдейді. Мақалада халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, оның ішінде лицензиялау рәсімдерін, этикалық нормаларды және жауапкершілік тетіктерін қамтитын жекеменшік іздестіру қызметі туралы заң жобасын әзірлеу бойынша ұсынымдар берілген. Бұл ұсыныстар адам құқықтарына төнетін қауіптерді барынша азайтуға бағытталған.

111-121 56
Аңдатпа

Мақалада азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көрсетілген алаяқтықтың құралы ретінде жиі қолданатын жағдайлар қарастырылады. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет саласындағы алаяқтықтың аражігін ажырату және шарттық міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау мәселелері көтеріліп, оларды дұрыс шешудің тиімді жолдары іздестіріліп, нақты ұсыныстар жасалады. Зерттеу барысында азаматтық-құқықтық мәмілелер алаяқтық жасаудың тәсілдері ретінде анықталып, алаяқтықтың азаматтық-құқықтық қатынастармен тығыз байланыс мәселелері көтерілді. Тақырыптың өзектілігі, шын мәнінде кәсіпкерлікпен айналыспай, алайда, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында алаяқтар тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы азаматтық құқықтық мәмілелер жасау арқылы жәбірленушілерді алдап, олардың сенімін теріс пайдаланып, өздерін алаяқтық үшін көзделген қылмыстық жауаптылықтан жалтаруында. Бөтеннің мүлкін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу арқылы заңсыз құқықтық иемдену, алаяқтардың меншік иесін алдап, оның сенімін қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін теріс пайдалану оқиғалардың көбеюіне қарамастан, қазіргі таңда азаматтардың алаяқтық туралы арызы не хабары тіркелмеген, олардың негізінде ҚР ҚК-нің 190 бабымен қылмыстық істер ашылмаған және тергелмеген күйінде қалып отыр. Жұмыста шарттық міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша азаматтық істердің және алаяқтық бойынша қылмыстық істердің сот тәжірибесі зерделенді. Қылмыстық қудалау органдары мен сот қызметінде жіберілетін қателіктер көрініс алды. Сот-тергеу тәжірибесін жақсарту және қылмыстық қудалау органдары мен сот қызметінің тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар әзірленді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚ

122-132 17
Аңдатпа

Бұл мақалада қылмыстық іс жүргізу аясында жәбірленуші мен күдікті (айыпталушы) құқықтарын тепе тең қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Автор жәбірленушінің процессуалдық құқықтарын алдын ала тергеу сатысында тану мен іске асырудың, оны қылмыстық процестің басқа қатысушыларымен тең дәрежеде қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударады. Жәбірленушілерге мемлекеттік құқықтық кө мек көрсетуге қатысты нақты тетіктер мен нормативтік негіздердің болмауы тараптар арасындағы теңгерімсіз дікке алып келеді және Конституцияда бекітілген негізгі қағидаларға қайшы келеді. Бұл теңгерімсіздікті жою үшін, авторлардың пікірінше, жәбірленушіге күдікті мен айыпталушыға берілген құқықтар көлемімен шамалас кеңейтілген құқықтық мүмкіндіктер беру қажет. Бұл әділет пен заңдылық қағидаттарын қалпына келтіруге ықпал етеді. Мақалада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіліп, қазақстандық үлгінің оң тәжірибелері анықталып, оларды РФ құқық жүйесіне енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, Қазақстан тәжірибесіне сүйене отырып, Ресейде Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорын құрудың өзектілігі дәлелденеді.

133-143 81
Аңдатпа

Жасанды интеллекттің (AI) қарқынды дамуымен белгіленген цифрлық ғасырға ену, әсіресе зият керлік меншікті қорғау саласында жаңа міндеттер қояды. AI шығармашылық пен инновацияның жаңа мүм кіндіктерін, сонымен қатар авторлық құқықты бұзудың, патентті қорғаудың және зияткерлік меншіктің басқа нысандарының бұрын-соңды болмаған тәуекелдерін тудырады. Зерттеудің негізгі мақсаты – АИ-нің қарқынды дамуы жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жан-жақты тал дау, қазақстандық құқық жүйесіне баса назар аудару және халықаралық тәжірибені салыстырмалы тал дау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы өзекті және жеткіліксіз зерттелген проблеманы – АИ контекстінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды терең талдауда жатыр. Зерттеу цифрлық ортада зияткерлік меншікті құқықтық реттеудің теориялық тұжырымдамаларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу барысында нормативтік құқықтық актілерді талдау, салыстырмалы және доктриналық талдауды біріктіретін кешенді тәсіл қолданылды. Толық зерттеу жүргізгеннен кейін заңнамадағы кейбір проблемалар анықталды, атап айтқанда, АИ-ге қа тысты іргелі тұжырымдамалардың жоқтығы. Авторлардың пікірінше, АҚШ-тың халықаралық тәжірибесін, заңнамасын да, сот тәжірибесін де егжей-тегжейлі зерделеу қажет. Зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасындағы заңнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша заң шығарушыларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және бизнес өкілдеріне нақты ұсыныстар әзірлеуден тұрады. Зерттеу нәтижелері зияткерлік меншік құқығын бұзу тәуекелдерін азайтуға, инновация ларды ынталандыруға және елдегі AI индустриясын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

144-153 41
Аңдатпа

Қазіргі құқықтық кеңістікте бұл сала тек қана реттеу тетіктерін жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар аграрлық саясатты экологиялық және әлеуметтік бағытталған үлгілерге концептуалды түрде қайта бағдар лауды талап етеді. Мақалада агроэкологиялық тәсілдің институционалданған нысаны ретінде органикалық ауыл шаруашылығын қоса алғанда, тұрақты аграрлық тәжірибелерді құқықтық реттеуге бағытталған халы қаралық және ұлттық құқықтық тетіктер жүйесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – азық-түлікке қол жеткізу құқығы мен Тұрақты даму мақсаттарына жету контексінде тұрақты ауыл шаруашылығын реттейтін қолданыстағы құқықтық құрылымдарға жан-жақты құқықтық талдау жүргізу. Зерттеу аясында келесі міндеттер қойылды: азық-түлік қауіпсіздігі саласында жаһандық үйлестіруді қамтамасыз ететін негізгі халықаралық құқықтық актілер мен институционалдық платформаларды айқындау; Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы органикалық ауыл шаруашылығын құқықтық реттеудің ұлттық тәсілдерін тал дау; аграрлық саладағы экологиялық талаптарды іске асырудағы құрылымдық құқықтық кедергілер мен олқылықтарды анықтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – азық-түлік пен экологиялық қауіпсіздіктің күрделі сын-қатерлері жағдайында аграрлық трансформация құралы ретінде құқықты көпдеңгейлі (жаһандық және ұлттық) тұрғыда қарастыру болып табылады.



ISSN 2959-4197 (Print)
ISSN 2959-4200 (Online)